Close Menu
    Оқылып жатыр

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 19 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

      18.08.2026

      Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

      18.08.2026

      Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

      18.08.2026

      Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

      18.08.2026

      300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

      17.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматы жолдарына қолданылған материал үлгілерінің үштен бірі талапқа сай емес

    Алматы жолдарына қолданылған материал үлгілерінің үштен бірі талапқа сай емес

    Жаңалықтар 10.12.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда жол құрылысына пайдаланылған материалдардан алынған үлгілерді тексеру барысында олардың үштен бірі талапқа сай болмай шыққан. Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының басшысы Маулен Әліпов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Спикердің айтуынша, сынақ нәтижесі бойынша 447 үлгі (32,2%) нормативтік-техникалық талапқа сай келмеген. Тексеру барысында 154 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша тиісті іс-шаралар қабылданды.

    «Біздің негізгі міндетіміз – сапасыз істелген жұмысты қабылдап, ақысын төлеуге жол бермеу. Сараптама қорытындыларының нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен шамамен 100 млн теңгенің жұмысын қайта орындады», – деп атап өтті Маулен Әліпов.

    Сондай-ақ ол тексерудің соңына қарай Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасына 7 өтініш жолданғанын, бір мердігер ұйымға 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын да хабарлады.

    Орташа жөндеу жобаларына сараптама жүргізуге ерекше назар аударылды. 2025 жылы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қаладағы 300-ден астам көшені қамтитын 72 жобаға сараптама жүргізді. Сараптама техникалық құжаттаманың негізділігін, дұрыстығын бағалауды қамтиды.

    «Сапалы жобалық құжаттама – жолдардың ұзақ қызмет етуінің негізі. Дәл осы кезеңде кейіннен жабынның қызмет ету мерзіміне тікелей әсер ететін параметрлер қалыптасады», – деп атап өтті бөлімше басшысы.

    Сонымен қатар Алматыда көше-жол желісін диагностикалау жұмысы да қызу жүріп жатыр. Биыл осы заманғы жылжымалы жол зертханасының көмегімен 839 шақырым көшеде аспаптық диагностика жүргізілді. Келер жылы тағы 2 257 шақырым жол желісін тексеру жоспарланып отыр.

    Спикердің айтуынша, Қалалық мобильдік басқарманың мәліметі бойынша 2025 жылы Алматыда 300 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, 35 шақырым жаңа жол салынып, 30 шақырым тротуар жөнделді. Соның арқасында жолдың жағдайы 95%-ға жақсарып қалды.

    «Біз үлкен инфрақұрылымдық нысандардың сапасын да бақылауда ұстаймыз. Мәселен, Сейфуллин мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік айырығын пайдалануға беру кезінде 8 тексеру жүргізіліп, 18 сынама алынды, олардың барлығы нормативтік талаптарға сәйкес болды. Мұндай нысандар үшін кепілдік мерзімі кемінде 5 жылды құрайды», – деп хабарлады Маулен Әліпов.

    Сонымен қатар қалада асфальтбетон жабындарын төсеудің жаңа тәсілдері қолданыла бастады. Жол төсемінің жоғары температура мен жүктемеге төзімділігін арттыру мақсатында полимерлік қоспалары бар эксперименттік қоспалар пайдаланылып, ғылыми қауымдастықтың қатысуымен гибридті асфальтбетон құрамдарын әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

    «Сапаны бақылап, жаңа технологияларды енгізу жол инфрақұрылымын ұзақ уақытқа шыдайтындай сапалы етеді», – деп қорытындылады спикер.

    Алматы жол құрылысы жол сапасы тексеру

    Оқылып жатыр

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18.08.2026

    300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

    17.08.2026

    Алимент төлеуден қашып жүргендің қарызы 18 млрд теңгеден асты

    17.08.2026

    Атағы дүрілдеген GGG Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді

    17.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.