Вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлт денсаулығы мемлекеттің басты басымдығы екенін атап өтіп, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Министрдің айтуынша, сақтандыру – әрбір азаматтың денсаулығын қорғаудың негізгі механизмі.
«Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы әрі елдің тұрақты дамуының негізі. Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру – әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға бағытталған басты құрал. Бұл жүйе медициналық көмекті қолжетімді, заманауи әрі әділетті етеді», — деді Аида Балаева.
Оның сөзінше, 2026 жылы азаматтың сақтандырылған мәртебесі болған жағдайда, медициналық қызметтердің кең ауқымын міндетті сақтандыру аясында жоспарлы түрде алу мүмкін болады.
«Сақтандыру жүйесі отбасылардың қаржылық тәуекелін азайтады, медицинаның тұрақтылығын күшейтеді және мемлекетке денсаулық сақтау саласын сапалы жаңа деңгейде дамытуға мүмкіндік береді», — деді министр.
Аида Балаева 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың денсаулығын нығайтуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер күшіне енетінін де айтты.
Қазір міндетті сақтандыру жүйесінде шамамен 17 миллион адам тіркелген. Бұл ел халқының 82 пайызынан астамын құрайды. Олардың ішінде 12 миллионнан аса адам жеңілдік санаттарына жатады. Ал 4,5 миллион азамат жарналарды өздері төлеп отыр.
«Біздің міндетіміз – сақтандырылған азаматтар қатарын кеңейту. Осы орайда жүйеге әлі қосылмаған азаматтарды міндетті медициналық сақтандырудың артықшылықтарымен мұқият танысуға шақырамын», — деп түйіндеді министр.
Медициналық көмек туралы, сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша (емхана мен аурухана деңгейіндегі медициналық көмек, диспансерлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, госпитализациялау, медициналық көмектің сапасы, медициналық персонал тарапынан болған бұзушылықтар мен шағымдар және т.б.) нақты әрі толық ақпаратты мына ресми арналар арқылы алуға болады:
