Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 27 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталғандар үкімге апелляция берді

    Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына сотталғандар үкімге апелляция берді

    Жаңалықтар 23.12.2025
    ашық дереккөз
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Яна Легкодимованың аса қатыгездікпен өлтірілуі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандар үкімге апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Әбділ хабарлады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Оның айтуынша, айыпталушылар мен олардың қорғаушылары алдын ала апелляциялық шағым берген.

    «Қылмыстық істер бойынша үкім жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде шағым түсіруге мүмкіндік беріледі. Үкім 17 қарашада шықты. Қорғау тарапы үкіммен толық танысқаннан кейін апелляциялық шағымды толықтырып, өз уәждерін кеңінен ұсынуы мүмкін. Қазіргі таңда тек алдын ала апелляциялық шағым бар», – деді жәбірленуші тараптың өкілі.

    Ажар Әбділдің сөзінше, қорғау тарапының негізгі талабы – өмір бойғы жазаны жеңілірек жазаға ауыстыру.

    «Менің білуімше, апелляциялық шағымда қорғау тарапы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырумен алмастыруды сұрап отыр», – деп түсіндірді ол.

    Еске салайық, 17 қарашада Атырау соты 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

    Олар:

    Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы – алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып адам өлтіру;

    202-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы – алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою баптары бойынша айыпталған.

    Айыптардың жиынтығы бойынша сот әрқайсына төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Сот марқұмның анасы Галина Легкодимованың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды. Үкімге сәйкес, сотталғандар 1 млн 955 мың теңге материалдық шығынды және әрқайсысы 15 млн теңгеден моральдық өтемақыны ортақ тәртіппен төлеуге міндеттелді.

    жаза қылмыс Яна Легкодимова ісі

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.