Close Menu
    Оқылып жатыр

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 24 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

      24/11/2026

      Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

      24/11/2026

      Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

      24/11/2026

      Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

      23/11/2026

      Түркістанда субсидияға бөлінген 1 млрд қаржы қолды болған

      23/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстандық жас музыканттар «CHAMBER Music Fest» республикалық байқауында қос бірдей жеңіске жетті

    Қазақстандық жас музыканттар «CHAMBER Music Fest» республикалық байқауында қос бірдей жеңіске жетті

    Жаңалықтар 23/11/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қүләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде камералық музыка орындаушыларының «CHAMBER Music Fest» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың басты жеңімпаздары – ҚазҰӨУ студенттері. Олар бірден екі номинация бойынша топ жарып, Гран-при мен І орынды иеленді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    16–19 қараша аралығында елордада өткен байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен академиялық музыка орындаушылары қатысты. Жобаның негізгі мақсаты – ансамбльдік орындаушылық шеберлікті дамыту, болашағынан үміт күттіретін шығармашылық ұжымдарды анықтау және камералық музыканы кеңінен насихаттау.

    Ішекті аспаптар квартеті номинациясында қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болған Таннұр Ақбота (бірінші скрипка), Нұрдана Оразова (екінші скрипка), Елжан Шекербек (альт) және Сұлтанбейбарыс Талғатбек (виолончель) құрамындағы ансамбль Гран-при жеңіп алды.

    Ал осы квартетке жас пианист Махаббат Есімжанова қосылып, фортепианолық квинтет құрамында өнер көрсетті. Нәтижесінде олар камералық ансамбльдер номинациясында І орынға ие болды. Жеңімпаз атанған бес музыканттың барлығы – Құләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары.

    Қазылар алқасына Қазақстанның белгілі альтшысы, Федор Мавриди атындағы ішекті аспаптар квартетінің мүшесі, театр тарихы мен Қазақстандағы альт өнері туралы дәрістер оқып жүрген Нұрлан Сағымбаев төрағалық етті. Қазылар жас орындаушылардың ансамбльдік үйлесімін, дыбыс үндестігін, шығармаларды көркемдік тұрғыдан жеткізу шеберлігін және сахналық мәдениетін жоғары бағалады. Сондай-ақ музыканттардың техникалық дайындығы мен өзіндік орындаушылық ерекшелігіне ерекше назар аударды.

    Байқау бағдарламасы 19 қарашада ҚазҰӨУ сахнасында өткен салтанатты марапаттау рәсімімен және лауреаттардың гала-концертімен қорытындыланды.

    байқау жеңімпаз Күләш Байсейітова музыка

    Оқылып жатыр

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026

    Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

    23/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026

    Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

    23/11/2026

    Жемқорлықпен сотталған Кәрім Көкірекбаев мерзімінен бұрын босатылмайтын болды

    23/11/2026

    Түркістанда субсидияға бөлінген 1 млрд қаржы қолды болған

    23/11/2026

    Қазақстанда 400 дроппер түрмеде отыр

    23/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.