Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 2 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Кенжехан» базарының басшысы Сергей Кимге қатысты тергеу басталды

    «Кенжехан» базарының басшысы Сергей Кимге қатысты тергеу басталды

    Басты тақырып 26.12.2025
    "Жас Алаш"
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қаржылық мониторинг агенттігі «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның құқықтық мирасқоры саналатын Qarmet компаниясының мүлкін жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті ретінде «АлбаСтройДор» ЖШС директоры Сергей Ким танылып, оған кәсіпорын өнімін 1,8 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз шығарды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz

    АФМ-нің БАҚ сұрауларына берген жауабына сәйкес, тергеу металлургиялық зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды ұрлау фактісі бойынша жүргізілуде.

    Қылмыстық схема қалай жүзеге асқан?

    2015 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында домна шлагын қайта өңдеу туралы келісімшарт жасалған. Алайда құжатта қайта өңдеу қалдықтарына иелік ету немесе оларды өткізу құқығы қарастырылмаған.

    Соған қарамастан, тергеу дерегінше, Сергей Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдаланып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жүйелі түрде шығарып отырған.

    Ұрланған өнімді кедергісіз тасымалдау үшін қылмыстық схемаға «Кузет 2050» ЖШС атты аффилирленген күзет ұйымы тартылған. Агенттік мәліметінше, күзет қызметкерлері автокөліктердің зауыт аумағынан іс жүзінде бақылаусыз өтуіне жағдай жасаған.

    Ал жымқырылған өнім кейіннен Сергей Кимнің бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырылған.

    Келтірілген шығын

    Тергеу қорытындысына сәйкес, заңсыз әрекеттер салдарынан 31 мың тоннадан астам өнім ұрланып, мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,8 млрд теңгеден асады.

    Қазіргі уақытта күдікті Сергей Ким екі ай мерзімге қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Еске салайық, Сергей Ким — «Кенжехан» базарының қазіргі басшысы. Кейбір тұлғалар оны Анипа Назарбаева және Мырзахан Масимовпен байланыстырады.

    Сондай-ақ белсенді Елена Садвакасова Сергей Кимді айыпталушы журналист Олег Гусевпен байланыстырады. Олег Гусев Украинадағы «Миротворец» сайтының дерекқорына «антиукраиндық және антиқазақтық үгіт-насихат жүргізуші» ретінде енгізілген.

    АрселорМитталТеміртау АФМ Кенжехан Сергей Ким

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.