Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 10 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

      09/11/2026

      Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

      09/11/2026

      Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

      09/11/2026

      Жазғы дөңгелекпен жүрсеңіз, жазаланасыз!

      09/11/2026

      Түркия президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды

      09/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: министр пікір білдірді

    Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: министр пікір білдірді

    Жаңалықтар 30/12/2025
    Сурет: gov.kz, instagram
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    «Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек қарсаңында осындай жағдай орын алды. Алайда екінші сынама ашылады, ол 8 қаңтарға жоспарланған. Жәнібектің командасы да, біз де екінші сынаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Ақпарат кейінірек беріледі», — деді министр.

    Еске салайық, 6 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы Куба боксшысы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шығуы тиіс еді. Алайда кездесудің болмайтыны ресми түрде хабарланды. Бұған қазақстандық боксшының анализінен мельдоний атты тыйым салынған препарат табылғаны себеп болды.

    Кейін бұл жағдайға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пікір білдірді.

    Вице-министр қазіргі уақытта ведомство Жәнібектің командасымен тұрақты байланыста екенін жеткізді. Шенеунік оқиғаны сараптауға асықпай, ресми тергеу қорытындысын күтуді ұсынды.

    «Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мен бұған дейін де пікір білдірдім. Қазір Туризм және спорт министрлігі Жәнібектің командасымен байланыста. Өкінішке қарай, ұйымдастырушылар оның сынамасынан… тыйым салынған зат анықталғанын хабарлады. Салдарынан жекпе-жек тоқтатылды. Дегенмен біз оның допинг қолданбағанына сенеміз және сенімдіміз. Ол заттың ағзасына қалай түскені әлі анықталуы керек. Бұл мәселемен антидопингтік ұйымдар айналысады. Қорытындыға асықпауға кеңес береміз. Антидопингтік тергеу толық аяқталсын. Қажет болған жағдайда министрлік халықаралық сарапшыларды тартуға дайын», – деді вице-министр.

    Ведомство өкілдері тергеу нәтижесі шықпай тұрып боксшыға айып тағу дұрыс емес деп санайды. Жарасбаевтың айтуынша, қажет болған жағдайда Министрлік Жәнібекке қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейдегі сарапшыларды да тартуы мүмкін.

    Ербол Мырзабосынов Жәнібек Әлімханұлы

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    Жазғы дөңгелекпен жүрсеңіз, жазаланасыз!

    09/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда 5 адамның құтқарылуы Илон Маск назарын аударды

    09/11/2026

    Қазақстанда облигацияларға кепілдік беретін қор құрылуы мүмкін

    09/11/2026

    Қазақстаннан шетелге қаржы аудару азайған

    09/11/2026

    Жазғы дөңгелекпен жүрсеңіз, жазаланасыз!

    09/11/2026

    Түркия президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды

    09/11/2026

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.