Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

    Әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастырған жас жауынгер

    Өңір тынысы 21/01/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Аппаз Абдурахман Тұрғынқожаұлы – әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастыра білген ерекше жас. Ол – жүректегі шынайы сезімін өлеңмен өрнектейтін жас ақын, деп хабарлайды Tarazy.kz ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2005 жылғы 15 сәуірде Түркістан облысы, Келес ауданы, Бесқұбыр ауылында дүниеге келген Абдурахманның поэзияға деген құштарлығы мектепте, 7-сыныптан бастап оянды. Сол кезден бастап ол өмір туралы ойларын, сезімдері мен толғанысын жыр жолдары арқылы жеткізіп келеді.

    Мектепті аяқтағаннан кейін Сарыағаш медресе-колледжінде «исламтану» мамандығы бойынша білім алып, кейін Мардан Сапарбаев атындағы университетте «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын таңдады. Бұл жолы оның ана тіліне, әдебиетке және сөз өнеріне деген құрметін айқындайды.

    Шығармашылықтан бөлек спортқа да жақын болған Абдурахман футбол, бокс және үстел теннисімен айналысқан. Әсіресе үстел теннисінен аудандық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарға қол жеткізіп, жақсы көрсеткіштер көрсеткен.

    Әскерге ол өз еркімен келді. Әскери өмір жас жауынгерге жат емес, керісінше, жігер мен шабыт сыйлайды. Қазіргі уақытта Аппаз Ұлттық ұлан қатарында абыроймен қызмет атқарып, шығармашылығын да үзбей жалғастыруда.

    Ол өз өлеңдерінде Отанға деген сүйіспеншілікті, сарбаздың рухын, адамдық құндылықтарды және әскери тіршіліктің ішкі әлемін шынайы бейнелейді. Әр жолынан отансүйгіштік пен адалдық сезімі байқалады.

    Абдурахамнның өз өлеңінен үзінді:

    Мен сарбазбын көпке топырақ шашпайтын,

    Мен сарбазбын антымды қастерлеп сақтайтын.

    Мен сарбазбын адалдыққа сүйеніп,

    Арамдыққа ешқашан қадам баспайтын.

     

    Әскерге келу тарихым менің бөлек,

    Әскердегі өмірім мүлде бөлек.

    Әскердегі қарулас достарымның,

    Жүрегімде ойып тұрар орны бөлек.

     

    Мен сарбазбын білімді де білікті,

    Мен сарбазбын қорламайтын ант сертті.

    Мен сарбазбын Отан үшін жаралған,

    Батырлардай жігерлі де жүректі.

    Қару мен қаламды қатар ұстаған жас жауынгер — қазіргі Ұлттық ұлан сарбазының рухани бейнесін айшықтайды. Оның шығармашылығы әскери өмірдің тек тәртіп пен жауапкершіліктен ғана тұрмай, сонымен бірге рухани байлық пен сезімге толы екенін дәлелдейді.

    ақын сарбаз

    Оқылып жатыр

    Әскердегі қылмыс саны рекордтық деңгейге жеткен

    08/10/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    ЖИ әскерде: Ұлттық ұлан сарбаздарының ас мәзірі ерекше бақылауда

    14/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.