Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 18 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бензин бағасы мораторийге қарамастан өсті

    Бензин бағасы мораторийге қарамастан өсті

    Басты тақырып 27.01.2026
    pixabay.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда соңғы бір жыл ішінде бензин бағасы шамамен 16 пайызға қымбаттады. Баға өсімінің ең жоғарысы АИ-95 маркасына тиесілі. Бұл жанармай түріне бағаны шектеу шаралары қолданылмағандықтан, баға өсімі тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Tarazy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

    Мамандардың айтуынша, АИ-92 бензині бір жылда орта есеппен 17–34 теңгеге өскен. Аталған маркаға 2025 жылдың қазан айынан бастап мораторий енгізілген. Ал АИ-95 бағасы осы аралықта 35–40 теңгеге қымбаттаған. Бағаға қатысты ешқандай шектеудің болмауы бұл жанармай түрінің алдағы уақытта да қымбаттай беруі мүмкін екенін көрсетеді.

    2025 жылғы желтоқсанда Қазақстан бойынша орташа баға АИ-92 – 235 теңге, АИ-95 – 298 теңге, АИ-98 – 325 теңге болды. Энергетика министрлігі АИ-98-ді кең көлемде тұтынылатын өнім санатына қоспайтынын, оны имидждік жанармай ретінде қарайтынын бұған дейін хабарлаған. Дегенмен, Қазақстандағы жанармай құны Орталық Азия елдерімен салыстырғанда әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

    Автонарық мамандары жанармайға деген сұраныс құрылымы өзгеріп жатқанын атап өтеді. Елде жаңа көліктер саны артқан сайын жүргізушілердің басым бөлігі АИ-95 маркасын таңдауға көшкен.

    «Қазіргі заманғы көліктердің көбі АИ-95 және одан жоғары жанармайға арналған. Автосалондардағы бензинмен жүретін қозғалтқыштардың басым бөлігі дәл осы маркаға есептелген. Ал АИ-92 біртіндеп маңызын жоғалтып келеді. Ол бүгінде 90-жылдардағы 80-ші бензиннің жағдайына жақындады», – дейді “Жалпы жол” қауіпсіз жол қозғалысы қауымдастығының президенті Арсен Шакуов.

    Сұраныстың артуына орай, ел ішінде бензин өндіру көлемі де өсіп отыр. Өткен жылы Қазақстанда шамамен 6 млн тонна жанармай өндірілген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға жуық артық.

    Сарапшылар баға өсімін тежеу үшін мораторийді тек АИ-92 емес, сондай-ақ АИ-95 пен АИ-98 маркаларына да кеңейту қажет деп есептейді. Себебі дәл осы жанармай түрлері күнделікті тұтынуда барған сайын маңызды рөл атқарып келеді.

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.