Close Menu
    Оқылып жатыр

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 19 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

      18.08.2026

      Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

      18.08.2026

      Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

      18.08.2026

      Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

      18.08.2026

      300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

      17.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

    Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

    Өңір тынысы 27.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жасанды интеллект – тек технологиялық жаңалық емес, ол білім мен ғылым саласының дамуына серпін беретін жаңа бағыт. «AI Sana» бағдарламасы білім беру жүйесі мен ғылым саласын цифрлық трансформациялау жолында маңызды рөл атқарып, еліміздің технологиялық дамуына үлес қосатын жас мамандарды дайындауға зор мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында «AI SANA CONTEST: WE LEARN, CREATE, CHANGE THE FUTURE» атты республикалық байқау ұйымдастырылды. Байқау білім алушылардың жасанды интеллект құралдарын шығармашылық және техникалық тұрғыда қолдану дағдыларын дамытуға бағытталды.

    «Байқаудың негізгі мақсаты – жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, қысқа бейнероликтер форматындағы авторлық жобаларды қолдау, сондай-ақ визуалды және дыбыстық контент жасаудағы ЖИ әлеуетін көрсету. Байқауға өтінім қабылдау 2026 жылғы 18 қаңтарда басталды. Білім алушылардан барлығы 62 өтінім келіп түсті. Жалпы, студенттердің шығармашылық және технологиялық әлеуеті жоғары екені додада айқын көрінді», – дейді байқау комиссиясының төрағасы, Цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректор Тимур Жұмағұлов.

    Студенттер көзімен болашақты айқындайтын байқау «Үздік сахналық сюжет», «Үздік визуалды генерация», «Үздік дыбыстық/музыкалық композиция» атты үш номинация бойынша өтті. Төрелік еткен қазылар алқасының құрамында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Шыңғыс Нұрғожаев, Цифрландыру және техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Батырбеков, Жасанды интеллект және виртуалды шындық зертханасының меңгерушісі Қыдырәлі Ахмет, Процестерді цифрландыру және автоматтандыру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Жайлау Ерасыл, Физика және математика кафедрасының оқытушы-лекторы Жалғас Ахметов, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-лекторы Әсел Оразбаева, Шығармашылық білім беру кафедрасының оқытушы-ассистенті Арслан Бараков болды.

    «Үздік сахналық сюжет» номинациясы бойынша жүлделі І орынды Мүсілім Аймара, ІІ орынды Лаура Байбатырова, ІІІ орынды Тен Виктория иеленді.

    «Үздік визуалды генерация» номинациясы бойынша І орынды Амангелді Рахат, ІІ орынды Есімбек Роксана, ІІІ орынды Ерғали Әли жеңіп алды.

    «Үздік дыбыстық (музыкалық) композиция» номинациясында І орынға Әсетхан Нұрасыл Әділұлы, ІІ орынға Бақытжанқызы Аружан, ІІІ орынға Ежелев Максим ие болды.

    «Қазіргі уақытта әлемді жасанды интеллектсіз елестету қиын. Біз ChatGPT, DALL·E, Midjourney, Runway және ElevenLabs сияқты нейрожелілерді пайдалана отырып, болашақта Жетісу өңірінде туризмді қалай дамытуға болатынын және туған жеріміздің келешек келбетін көрсеттік», – дейді конкурсқа қатысушы Аймара Мүсілім.

    Аталған байқау студенттердің шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, жасанды интеллект саласындағы білімдері мен тәжірибелерін шыңдауға, сондай-ақ болашақ цифрлық қоғамға бейім маман қалыптастыруға ықпал етеді, – дейді ұйымдастырушылар.

    Жасанды интеллект Жетісу университеті ЖИ

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18.08.2026

    300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

    17.08.2026

    Алимент төлеуден қашып жүргендің қарызы 18 млрд теңгеден асты

    17.08.2026

    Атағы дүрілдеген GGG Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді

    17.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.