Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл сот талабын орындамағаны үшін жауапқа тартылды

    Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл сот талабын орындамағаны үшін жауапқа тартылды

    Жаңалықтар 05.02.2026
    primeminister.kz, inbusiness.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Protenge телеграм арнасының мәліметінше, әкімшілік сот вице-министрге 78 640 теңге және 196 600 теңге көлемінде айыппұл салған. Даудың басталуына мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысты келіспеушілік себеп болған. Конкурс құжаттарымен келіспеген әлеуетті жеткізуші сотқа жүгініп, іс жарты жылдан астам уақыт қаралған. Нәтижесінде сот кәсіпкердің уәжін қолдап, Қаржы министрлігіне мұндай заңбұзушылықтарды қайталамау жөнінде жеке қаулы жолдаған.

    Мұндай жағдайда сот мемлекеттік органнан нақты шара қабылдап, атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді талап етеді. Алайда белгіленген мерзімде сотқа есеп ұсынылмаған. Осыны сот шешімін орындамау әрі сотқа құрметсіздік ретінде бағалаған әкімшілік сот вице-министрден түсініктеме талап еткен. Нақты жауап болмағандықтан, оған 20 және 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

    Қаңтар айының соңында Дәурен Кеңбейіл айыппұлдарды даулауға тырысқанымен, сот оның уәждерін қанағаттандырмады. Себебі шағымды министрліктің мүддесін қорғайтын заңгер берген, ал айыппұл вице-министрдің өзіне жеке тұлға ретінде салынған. Сот айыппұлды төлеу міндетін күшінде қалдырды.

    Осылайша, вице-министр мемлекет бюджетіне 275 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тиіс. Бұл жағдай кәсіпкердің өз құқығын сот арқылы қорғауынан басталған даудың нақты салдары болды.

    айыппұл Дәурен Кеңбейіл Қаржы вице-министрі сот шешімі

    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.