Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 12 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

    Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

    Жаңалықтар 20.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының бірі ретінде табиғи экожүйелерді сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау және орман қорын молықтыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ұлттық парк 1996 жылы құрылған кезде оның жалпы аумағы 164 450 гектарды құраса, қазіргі уақытта парк аумағы 200 160 гектарға дейін ұлғайып, 30 жыл ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақ көлемі 35 710 гектарға кеңейді. Бұл мемлекет тарапынан табиғи мұраны сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып табылады.

    Биыл Ұлттық парк аумағында 30 жылдыққа арналған 30 іс-шара өтеді. Бұл туралы «Іле Алатауы» МҰТП бас директоры Елнұр Мұхаметжанов мекеменің 30 жылдығына арналған іс шараларды таныстыру кезінде айтты.

    30 жылда 5 млн астам  ағаш отырғызылды

    1996–2025 жылдар аралығында ұлттық парк аумағында орманды қалпына келтіру және молықтыру мақсатында 1637,0 гектар жерге жалпы саны 5 010 000 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар ұлттық парктің орман қорын сақтауға, табиғи тепе-теңдікті қамтамасыз етуге және экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

    Ұлттық паркті сапалы отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында қылқанжапырақты және жапырақты ағаш түрлерін өсіретін 7 уақытша питомник тұрақты түрде жұмыс істейді, онда өсірілген көшеттер орман алқаптарын қалпына келтіруде тиімді пайдаланылуда.

    Орман өртіне қарсы жұмыстар:

    «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк»-нің орман қоры жерлері орташа  өрт қауіптілігінің 3 класын құрайды.

    Ұлттық парк бойынша 4 дана орман өрт сөндіру станциялары бар және соған сәйкес, 41 өрт сөндіру жауынгерлері қызмет етеді.

    Өртке қарсы жолдарды жөнделді – 6626,5 км

    Өртке қарсы жолақтардың шөбін шабу жұмыстары — 2340 км

    1996 жылдан бері ұлттық парк аумағында табиғатты қорғау, экологиялық ағарту және тұрақты туризмді дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар тек табиғи аумақты қорғаумен шектелмей, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді мемлекеттік міндеттермен сабақтасып жүзеге асырылуда.

    Ұлттық парк аумағында тұрақты түрде өткізілетін Парктер шеруі халықаралық акциясы табиғат жанашырларын біріктіретін ірі экологиялық қозғалысқа айналды. Бұл бастама Таза Қазақстан жалпыұлттық экологиялық науқанымен мазмұндық тұрғыдан үндесіп, қоғам мен мемлекеттің ортақ экологиялық жауапкершілігін күшейтуге ықпал етуде.

    30 жылда ұлттық паркқа келушілер саны 34,5 (1996 ж. — 27,4 мың адам) есеге артып, 2025 жылы 945,9 мың адамды құрады. Бұл – визит-орталықтардың тиімді жұмысы, туристік маршруттар мен соқпақтар  абаттандырылуы, қауіпсіздік жүйелерінің енгізілуі және экологиялық ағарту шараларының нәтижесі.

    1996–2025 жылдар аралығында ұлттық парк аумағында

    – 3211 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып,

    – 2 млн. астам волонтерлар мен экобелсенділер қамтылды.

    Бұл көрсеткіштер тек сандық мәлімет емес. Бұл – қоғамда қалыптасып келе жатқан экологиялық мәдениеттің, табиғатты аялау жауапкершілігінің нақты нәтижесі.

    Ұлттық паркте туристік маршруттар саны 46-ға жетті

    Ұлттық парк 1996 жылы 8 туристік маршрутпен өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінде маршруттар саны 46-ға дейін артып, келушілерге әртүрлі бағыттар бойынша сапалы туристік қызмет көрсету мүмкіндігі қалыптасты.

    Ең танымал бағыттар қатарында Үлкен Алматы көлі, Бутаковка шатқалы, Аюсай визит центрі, Ой-Қарағай, Түрген сарқырамалары, Есік көлі, Қаскелең және Ақсай шатқалдары бар. Аталған нысандар жыл сайын мыңдаған туристі қабылдап, өңір туризмінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

    Ағымдағы жылы 3 жаңа туристік соқпақ толық абаттандыру жұмыстары жүргізіледі оның ішінде 1 жаңа туристік, 1 визит-орталық соқпақ ашылады. Олар: Аққайың–Көкжайлау және Кузнецов сайы туристік маршруттары, Бұтақты визит центрі және Мәрмәр соқпағы. Жаңа бағыттарда толық жөндеу және инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, бағыттаушы белгілер орнату, демалыс алаңдарын жабдықтау, қауіпсіздік шараларын күшейту және ақпараттық стендтер орналастыру жоспарланған.

    Сонымен қатар алдағы үш жыл ішінде ұлттық парк аумағын кеңейту және туризм саласын дамыту мақсатында тағы 30 жаңа маршрут ашу жоспары әзірленуде. Бұл бастамалар туристік инфрақұрылымды жетілдіруге, экологиялық туризмді дамытуға, келушілерге қолайлы жағдай жасауға және табиғи мұраны сақтай отырып, тұрақты туризм қағидаттарын енгізуге бағытталған.

    Ғылым және жануарлар дүниесі:

    Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылғаннан бері Қызыл кітапқа енген сирек және жойылып кету қаупі бар түрлерді сақтау, көбейту және олардың генетикалық қорын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді.

    Бүгінде парк аумағында 2 генетикалық резерват құрылған және  Қызыл кітапқа енген Сиверс алмасының клон мұрағаты, сирек өсімдік түрлерінің табиғи генетикалық қорын сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Алдағы кезеңде генетикалық резерват аумағын ұлғайту жоспарланып отыр.

    Сирек жануарлар санының тұрақты өсуі

    Соңғы 30 жыл ішінде парк аумағында сирек және Қызыл кітапқа енген жануарлар саны айтарлықтай артты:

    • Ілбіс (қар барысы) – 1996 жылы 5–10 дарақ болса, қазіргі уақытта 39 дараққа жетті;
    • Тас сусары – 1996 жылы шамамен 100 дарақ болса, бүгінде 493 дарақ;
    • Қоңыр аю – 1996 жылы 15–20 дарақ болса, қазіргі уақытта 85 дарақ;
    • Бүркіт – 1996 жылы 50-ге жуық болса, бүгінде 97 дарақ;

    Бұл көрсеткіштер табиғатты қорғау шараларының тиімділігін және биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижелілігін көрсетеді.

    Ғылыми қызмет нәтижелері

    Парк құрылғаннан бері:

    • 350-ден астам ғылыми мақала,
    • 8 000-нан астам ғылыми-танымдық материал жарияланды;
    • 180 ғылыми-техникалық кеңес отырысы өткізілді.

    Ұлттық парктер арасында алғаш рет 2024 жылы in-vitro зертханасы ашылды. Зертханада сирек кездесетін, эндемик және реликт өсімдік түрлерін жасанды ортада көбейту жұмыстары жүргізілуде.

    Орманды сауықтырудағы жаңа технологиялар

    2024 жылы орман ауруларының ошақтары ауқымды таралуына байланысты жерүсті құралдарымен өңдеу тиімсіз деп танылып, 2025 жылы алғаш рет авиациялық өңдеу әдісі қолданылды.Парк аумағында энтомофагтардың 10 түрі тіркелген (7 түрі жәндіктер, 3 түрі өрмекшілер).

    Ботаника және фитоинтродукция институтымен бірлесіп Сиверс алмасын зерттеу бойынша 5 жылдық ғылыми бағдарлама жүзеге асырылуда.

    Сонымен қатар, «Helios» компаниясымен бірлесіп Маловодный орманшылығы, Кузнецов сайында 600 метрлік ғылыми-танымдық соқпақ жол, тамашалау алаңы, музей және санитарлық торап салу жұмыстары жүргізілуде.

    Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі табиғи мұраны сақтау, ғылыми зерттеулерді дамыту және биоалуантүрлілікті қорғау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.

    30 жылдың ішінде ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР саны 94-ке жетті

    Ұлттық парк аумағында экологиялық туризмді дамыту және келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Егер 1998 жылы парк аумағында небәрі 1 инвестициялық жоба іске асырылған болса, қазіргі уақытта олардың саны 94-ке жетті. Бүгінде ұлттық парк аумағында 3 шаңғы курорты, 5 визит-орталық және бірнеше заманауи демалыс нысандары жұмыс істейді. Инвестициялық жобалардың осындай қарқынды дамуы өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.