Close Menu
    Оқылып жатыр

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 19 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

      18.08.2026

      Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

      18.08.2026

      Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

      18.08.2026

      Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

      18.08.2026

      300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

      17.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстанда 12 наурыздан бастап айыппұл автоматты түрде жазыла бастайды

    Қазақстанда 12 наурыздан бастап айыппұл автоматты түрде жазыла бастайды

    Жаңалықтар 25.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енеді. Бұдан былай айыппұл тек жол ережесін бұзғандарға ғана емес, кез келген әкімшілік тәртіп бұзушылық үшін автоматты түрде жазылады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, бұған дейін автоматты түрде тіркеу көбінесе жылдамдық асырған немесе қызыл жарыққа өткен жүргізушілерге қатысты қолданылып келсе, енді цифрлық жүйелер арқылы кез келген әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, айыппұл дереу жазылады.

    Әкімшілік кодекстің 31-бабында цифрлық жүйелер арқылы анықталған құқықбұзушылықтар бойынша хаттама толтырмай-ақ, тікелей айыппұл салу қарастырылған. Мұндай жағдайда деректер әкімшілік өндірістің бірыңғай реестрімен интеграцияланған жүйелер арқылы өңделеді.

    Заңда көлік құралдарына қатысты тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу тәртібі де жеке көрсетілген, мұнда бұрынғыдай көлік иелері жауапқа тартылады.

    Жаңа жүйе арқылы қандай әрекеттер үшін айыппұл салынуы мүмкін:

    • Көшеде қоқыс немесе темекі тұқылын тастау (2026 жылы 43 250 теңге);
    • Темекіні тыйым салынған жерде шегу;
    • Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту;
    • Заңсыз сауда немесе алкогольді сатуға рұқсат етілмеген уақытта сату (ақылды камералар бар орындарда).

    Егер цифрлық жүйе адамның жеке басын анықтап, ақпаратты мемлекеттік деректер базасымен растаған жағдайда, хаттамасыз бірден айыппұл жазылады.

    «Сергектің» жұмысы көбейеді

    Өзгерістер қала көшелеріндегі «Сергек» тәріздібақылау жүйелерінің функционалын кеңейтеді. Бұрын видеожазбалар негізінен дәлел ретінде қолданылса, енді ұсақ құқықбұзушылықтар үшін бірден автоматты түрде айыппұл салуға мүмкіндік туады.

    Мұндай тәсіл әлемде кеңінен таралған. Мәселен, Қытайда тұлғаны тану арқылы жол және қоғамдық тәртіп бұзушылықтары автоматты түрде тіркеліп, айыппұл цифрлық төлем жүйелері арқылы дереу есептен шығарылады.

    Сингапур камералар мен робот патрульдерді пайдаланып, рұқсат етілмеген жерде темекі шегуден бастап, велосипедті дұрыс қоймауға дейінгі әрекеттер үшін қатаң айыппұлдар салады. Дубайда интеллектуалды радарлар жаяу жүргіншілердің тәртіп бұзуын автоматты түрде анықтайды және ақпарат ұлттық деректер базасымен бірден салыстырылады.

    Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда енгізілген өзгерістер жаңа құқықбұзушылық түрлерін енгізбейді, тек оларды анықтау мен әкімшілендіру тәсілін өзгертеді. Яғни күнделікті байқалмай келген ұсақ заң бұзушылықтарды енді инспектор емес, цифрлық жүйе анықтап, айыппұлды бірден жазып отырады.

    Айтқандай, Ата заңға байланысты сауалнама жүргізуден сақ болыңыз. Бас прокуратура өткенде осыған байланысты ескерту жасаған болатын.

    айыппұл Заң және тәртіп көлік жүргізу полиция

    Оқылып жатыр

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Бірінші сыныпқа баратын баланың 71%-дан астамы қазақша оқиды

    18.08.2026

    Мәскеудің Лондонға ескертуі: Ресей не үшін ашулы?

    18.08.2026

    Мемлекет басшысы Шыңғыс Әріновті қабылдады

    18.08.2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18.08.2026

    300-ден аса мопед пен самокат: Алматыда ауқымды рейд жүрді

    17.08.2026

    Алимент төлеуден қашып жүргендің қарызы 18 млрд теңгеден асты

    17.08.2026

    Атағы дүрілдеген GGG Украинаның «Миротворец» базасына енгізілді

    17.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.