Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 21 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Партиялық жүйе күшейіп, бір мандатты ұғым жойылса, тәуелсіз депутаттар қайда барады?

    Партиялық жүйе күшейіп, бір мандатты ұғым жойылса, тәуелсіз депутаттар қайда барады?

    Басты тақырып 25.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мәжілістен кейін бір мандаттық депутаттарға қойылған бір сұрақ саяси маусымның ең өзекті дилеммасын ашып берді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Құрылтайға тек партиялық тізім арқылы өтеді деген норма қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл талап еркін мандат иелерін нақты таңдауға итермелейді. Партияға кіру немесе саяси сахнадан шеттеу. Мәжіліс барысында Dala.news тілшісі осы сұрақты тікелей бір мандаттық депутаттарға қойды.

    Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әзірге нақты партия атамады. Ол шешімді кейінге қалдырды.

    «Біріншіден, бұл мәселе бойынша нақты шешімді жақын арада айтамын. Қазір мен өз мандатыма сәйкес жұмысымды атқарып жатырмын. Шілде айына дейін маған жүктелген міндетті абыроймен орындауым керек. Халықтың мұң мұқтажын тыңдап, заң жобаларының сапасын арттыруға атсалысу, ел үшін маңызды заңдардың қабылдануына күш салу менің негізгі миссиям. Партияға қосылу немесе қай бағытты таңдайтыным жөнінде осы жұмысты аяқтағаннан кейін, жаз мезгілінде арнайы тоқталамын», — деді депутат.

    Бұл жауап уақыт ұту ма, әлде салмақты саяси пауза ма? Белгісіз. Бірақ бір нәрсе анық. Егер партиялық тізім міндеттелсе, дербес мандатпен жүру мүмкіндігі күрт шектеледі.

    Сайлау туралы заңға көңіліңіз тола ма, партиялық тізімде болу міндетті дегенге қалай қарайсыз деген сауалға Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек кеңірек тоқталды. Ол бұл норманы халықаралық тәжірибемен байланыстырды.

    «Бұл әлемдік практика. Германия, Голландия, Франция секілді дамыған мемлекеттерді қараңыздар. Біз әрдайым сол елдердің тәжірибесіне сүйенеміз. Партиялық сайлау бұл партиялық бәсеке, бұл саяси плюрализмнің бір үлгісі. Әр партия азаматтардың мұң мұқтажын, мүддесін қорғайды. Сондықтан менің жеке пікірімше, бұл жерде ешкімнің құқығы бұзылып жатқан жоқ. Керісінше, біз дамыған мемлекеттердің жүріп өткен жолымен келе жатырмыз», — деді Бақытжан Базарбек.

    Алайда ол бір мандаттық округтен сайланған депутат ретінде жүйенің ішкі шындығын да жасырмады.

    «Біз бұл жерде жеке тұлғаның культін емес, саяси идеяны алға шығарып отырмыз. Партия бұл саяси ұстаным, саяси бағыт. Мен өзім бір мандаттық округтен сайланып келдім, ешқандай партия арқылы Мәжіліске өткен жоқпын. Бірақ заң жобаларын өткізу барысында нақты қиындықтарға тап болдым. Ұсыныстарымды жүзеге асыру үшін фракциялардың қолдауы қажет болды».

    Базарбек жалғыз депутаттың ықпалы шектеулі екенін ашық айтты.

    «Сен жалғыз болып мәселе көтергеніңмен, егер бастамаң парламенттік қолдау таппаса, нәтиже болмайды. Ең маңыздысы халыққа қажет заңдарды өткізу. Ал ол үшін көпшілік қолдауы керек. Егер заң жобаларың өтпесе, халықтың үмітін ақтай алмайсың. Сондықтан басқа фракциялармен ынтымақтастық орнатуға тура келеді. Қорытындысында бір адам бүкіл жүйені өзгерте алмайды. Немесе партия құрамында болу керек, немесе өз партияңды құру керек».

    Қорытындысында бір нәрсе анық көрінеді. Әңгіме жай ғана партиялық тізім немесе техникалық өзгеріс туралы емес. Әңгіме саяси жүйенің архитектурасы туралы болып отыр. Бір мандатпен келген депутаттардың тағдыры арқылы билік пен өкілдік форматы қайта қаралуда.

    Егер жаңа модель толық іске қосылса, саясат жеке тұлғалардың батылдығына емес, партиялық құрылымдардың ішкі тәртібі мен келісіміне тәуелді болмақ. Бұл бір жағынан жүйелілік әкелуі мүмкін. Екінші жағынан, тәуелсіз дауыстардың салмағы азаю қаупі бар.

    Бүгін Мәжілісте қойылған сұрақтар ертеңгі парламенттің қандай болатынын аңғартты. Еркін мандат дәуірі сақтала ма, әлде партиялық тәртіп шешуші факторға айнала ма? Енді басты жауапты заң емес, саяси тәжірибе береді.

    Бақытжан Базарбек депутат Ермұрат Бапи құрылтай

    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.