Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созуда

    Арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созуда

    Өңір тынысы 27/06/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Арыстықтарға алғашқылардың бірі болып жамбылдықтар қол ұшын созуда, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Арыс қаласында орын алған жарылыстан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып әулиеаталықтар қол ұшын созуда. “Көрші ақысы – Тәңір ақысы” деген тәмсілге терең бойлаған жамбылдықтар игі іске жұдырықтай жұмылуда.

    Төтенше жағдайдың зардаптарын жою және жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінде арнайы штаб құрылып, жұмысын бастап кетті. Орын алған оқыс оқиғаға Жамбыл жұртшылығының берген көмектерін бір орталықта жинау мақсатында арнайы пункттер ашылды. Нәтижесінде Жамбыл облысынан 75 тонна азық-түлік, киім-кешек тағы басқа тұрмысқа қажетті заттар тиелген жүк көліктері Арыс қаласына жеткізілді.

    Бұдан бөлек медициналық қызмет көрсету мақсатында да қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылған арнайы 4 бригада жіберілді. Сонымен қатар Түркістан облысы денсаулық басқармасының сұранысымен 2,2 млн теңге көлемінде қажетті дәрі дәрмектер жеткізілді.
    Бұдан бөлек, Арыс қаласынан облысымызға көмек сұрап келген 170-тен аса азаматқа жан-жақты көмек көрсетіліп, жайлы жағдайлар жасалуда.
    Олармен облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі жүздесіп, xал-жағдайларын білді.
    Аймақ басшысының тапсырмасымен арыстықтарға барынша жағдай жасалуда. Оларға мұнда жағдай бір жақты болғанша қалағандарынша тұрақтауларына болады.

    Қажетті ас-су, медициналық көмек көрсетілуде. 2 жедел-жәрдем бригадасы, терапевт, мейірбике, псиxологтардың кезекшілігі жолға қойылды.
    Сонымен қоса айта кетейік, облыс басшысы Асқар Мырзахметов және оның орынбасарлары мен департамент, басқарма басшылары және аудан әкімдері Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік айлық жалақысын аударды. Бұл бастамаға өңірдегі өзге де мекемелер мен ұйымдар да атсалысуда.

    Бүгінде Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлініп, облыстарға бекітілген. Бөлініске сәйкес, Жамбыл облысы жарылыс орын алған аумаққа жақын орналасқан 3-секторда қалпына келтіруге қатысты құрылыс жұмыстарымен айналысатын болады.

    Қазіргі таңда 50 адамнан тұратын арнайы топ (обаға қарсы станцияның 16 маманы, тиісті құрал жабдықтармен, дезинфекциялау заттарымен жабдықталған 3 арнайы автокөлік, 13 СЭС маманымен арнайы жабдықталған 3 автокөлік, 20 адамнан тұратын келтірілген шығындарды есептеуші топ) қаланы тазалау, зарарсыздандыру, обаға қарсы дәрілеу жұмыстарымен айналысуда. 

    Бұдан бөлек құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін тағы 150 адам дайын тұр. Олар облысқа тиесілі 3-секторды тазалау мен қалпына келтіру шараларын атқаратын болады.

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.