Қазақстан азаматы Екатерина Шилова Варшавада өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz.
Бұл туралы «Айран» арнасына оның әпкесі хабарлаған. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел адам кісі қолынан қаза тапқан.
Бұған дейін Екатерина Шилованың Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені белгілі болған еді. Ол Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған, алайда ұшаққа отырмаған. Осыдан кейін онымен байланыс үзіліп кеткен.
Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилова қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.
«Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ, Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста және консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті Отанына репатриациялауда көмектесіп жатыр», — деп жазылған министрлік хабарламасында.
