Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Түркістанда автобус толы адамның бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады

    Түркістанда автобус толы адамның бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады

    Басты тақырып 16/03/2026
    видеодан скрин
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Түркістанда бір топ адамның автобуспен қаланы аралап бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Түркістан қаласының тұрғыны Несібелі Хайруллақызы бірнеше адамның әртүрлі сайлау учаскелеріне барып дауыс бергенін мәлімдеді. Бұл туралы видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

    Оның айтуынша, бір топ адам бірнеше учаскені аралап, дауыс беруге тырысқан.

    «Бір адам тек бір ғана сайлау учаскесінде дауыс беруі керек. Ал бұлар үш учаскеге кіріп, карусель жасап жүр. Бұл — нағыз қылмыс», — дейді қала тұрғыны жариялаған видеода.

    Кейін белсенді Құрал Сейітханұлы Facebook парақшасында Несібелі Хайруллақызын полиция қызметкерлері мазалап жатқанын жазды. Кейіннен автор видеоны өшіргенін мәлімдеді. Алайда себебін түсіндірмеді.

    Screenshot

    Қазіргі уақытта Түркістан облыстық полициясы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

    Бұл жағдайға қатысты әзірге тек «Жолаушы» ЖШС директоры Рахымжан Еркінов пікір білдірді.

    «Анықталғаны, қоғамдық тасымал қызметін негізінен жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады. Осы референдумда облыс орталығы Түркістан қаласында жеке тасымалдаушы компания өз еркімен қолдау білдіріп, қала тұрғындарының дауыс беру учаскелеріне баруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автобустарын тегін ұсынған. Айта кету керек, референдум күні азаматтарды тасымалдау заңға қайшы емес. Бұл тұрғындардың өз конституциялық құқығын жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралардың бірі. Сонымен қатар, дауыс беру – әр азаматтың ерікті таңдауы. Жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтындығын хабарлаймыз», — дейді Еркінов.
    дауыс беру Референдум Түркістан облысы

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.