Close Menu
    Оқылып жатыр

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 19 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

      17/11/2026

      Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

      17/11/2026

      Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

      17/11/2026

      Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

      16/11/2026

      Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

      16/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    Жаңалықтар 30/03/2026
    pikabu.ru
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласында банк бөлімшелерінің бірінің маңынан 35 жастағы кәсіпкер Елнұр Маймақовтың мәйіті табылды. Оның басынан оқ жарақаты анықталған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Полиция мәліметінше, марқұм оқиға алдында танысының үйінде болған. Екеуінің арасында қарыз мәселесіне байланысты жанжал туындаған.

    Жанжалдан кейін олар сыртқа шыққан. Сол кезде ер адам қару шығарып, қарсыласына қарай екі рет оқ атқанымен, ешкім зардап шекпеген. Арада бірнеше минут өткен соң тағы бір оқ дауысы естілген.

    Кейін кәсіпкердің денесін оның танысы тапқан. Ол марқұммен бірге таңғы намазға бармақ болған. Белгілі болғандай, қайтыс болар алдында ер адам досына хабарласып, өзін жақын маңдағы дәмханадан алып кетуін сұраған.

    Оқиға орнынан тіркелмеген травматикалық тапанша тәркіленді. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    «Таразда ер адамның денесі табылуына байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы – “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Тараз қаласы ПД.

    Сондай-ақ полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жария етілмейтінін атап өтті.

    Кейбір мәліметтерге сәйкес, іс бойынша басты фигурант Алмас Қырықбаев болуы мүмкін. Бұған дейін оның есімі «Қырықбаевтар» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты аталған. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ.

    атып тастады кәсіпкер Тараз

    Оқылып жатыр

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

    16/11/2026

    Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

    16/11/2026

    Балаларға арналған жаңа шектеу: Закиева жаңа заң жобасын таныстырды

    16/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.