Close Menu
    Оқылып жатыр

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 24 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

      24/11/2026

      Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

      24/11/2026

      Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

      24/11/2026

      Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

      23/11/2026

      Түркістанда субсидияға бөлінген 1 млрд қаржы қолды болған

      23/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    Жаңалықтар 30/03/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2026 жылғы 27 наурызда Ғылым ордасында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар аясында еліміздің тарихи жәдігерлерін сақтау ісін жаңа деңгейге көтеруге арналған бірегей шеберлік сабақтары өткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Іс-шараның басты мақсаты — тарихи құнды жәдігерлерді сақтау және қалпына келтіру саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және реставрация бағытындағы озық технологияларды таныстыру болды.

    Ғылым ордасы

    Семинардың екінші күні ұйымдастырылған шеберлік сабақтарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-тан астам маман — реставраторлар, кітапханашылар, архив және музей қызметкерлері қатысты.

    Іс-шарада «Ғылым ордасы» Реставрация және консервация орталығының мамандары Сұлтанмұрат Амирдин «Шығыстық балық қабыршағы капталын тігу»; Амина Бақберген «Адгезивті қағазды құрғақ белсендендіру әдісі»; Сырым Ботабеков «Клапаны бар дәстүрлі шығыс түптеуін дайындау» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Шеберлік сабақтары барысында қатысушылар тек бақылап қана қоймай, реставрациялық материалдармен тікелей жұмыс істеп, кәсіби шеберліктерін шыңдады. Өңірлерден келген мамандар теориялық білімді практикамен ұштастырудың маңыздылығын жоғары бағалап, алған дағдыларын өз мекемелерінде қолдануға ниетті екендерін білдірді.

    Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл іс-шара Қазақстандағы реставрация саласының кәсіби деңгейін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.

    ғылым ордасы жәдігер реставрация семинар

    Оқылып жатыр

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026

    Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

    23/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Қазақстанда телекоммуникация саласына млрд қаржы салынуы мүмкін

    24/11/2026

    Антрополог ғалым Оразақ Смағұл өмірден өтті

    24/11/2026

    Қазақстандықтар ақшасын қай банктерде сақтайды?

    23/11/2026

    Жемқорлықпен сотталған Кәрім Көкірекбаев мерзімінен бұрын босатылмайтын болды

    23/11/2026

    Түркістанда субсидияға бөлінген 1 млрд қаржы қолды болған

    23/11/2026

    Қазақстанда 400 дроппер түрмеде отыр

    23/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.