Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Каспий арқылы өтетін керек жоба: суастымен өтетін интернет кабельді қытайлар жүргізбек

    Каспий арқылы өтетін керек жоба: суастымен өтетін интернет кабельді қытайлар жүргізбек

    Жаңалықтар 13/04/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Каспий теңізінің астымен тартылатын жаңа интернет кабелін Қытай компаниясы жүргізеді. Бұл туралы “Қазақтелеком” басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қытайдың Цзянсу провинциясындағы зауытына барған сапарында мәлімдеді. Ал осы жобаға қатысты пікір білдірген қазақстандық саяси шолушы аталған бастама Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігін нығайтып, елдің халықаралық интернет дәлізіндегі рөлін күшейтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бағдат Мусин не деді?

    “Қазақтелеком” басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қытайдың Цзянсу провинциясындағы зауытта “Каспий ТОБЖ” жобасына арналған суасты кабелінің өндіріс барысымен танысқан еді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

    Оның айтуынша, аталған зауытта Еуропа мен Азия арасындағы дата-трафикке жаңа бағыт қалыптастыруға арналған 380 шақырымдық брондалған оптикалық кабель өндіріліп жатыр.

    Бағдат Мусин кабель өндірісінің соңғы кезеңіне және FAT-тестіне қатысқанын атап өтті.

    “Бұл – өнімнің барлық техникалық талаптарға толық сәйкес келетінін растайтын аса маңызды сынақ кезеңі”, — деді ол.

    Сондай-ақ Мусин мұндай кабельді өндіру жоғары технологияны қажет ететін күрделі процесс екенін жеткізді. Мусиннің мәліметінше, кабель бірнеше қорғаныс қабатынан тұрады, сыртқы әсерлерге төзімді және әр кезеңде жоғары дәлдікпен құрастырылып, мұқият тексеріледі.

    “Мұндай өнім теңіз түбіндегі күрделі ортада ондаған жыл бойы техникалық қызмет көрсетусіз жұмыс істеуге есептелген”, — деп қосты ол.

    Бұдан бөлек, Мусин жобаның келесі маңызды кезеңі логистика болатынын алға тартты. Оның айтуынша, енді дайын кабельді жеткізу үшін үш ірі трал колоннасы 7 мың шақырымнан астам жол жүруі қажет.

    Ол суасты кабельдерін тартумен айналысатын халықаралық мамандардың өзі бұл операцияны бірегей жоба ретінде бағалап отырғанын жеткізді.

    Сарапшы пікірі

    Degdar парақшасының сарапшысы 2023 жылы Ресейдің жаһандық интернет кеңістігінен оқшаулануы мүмкін деген ақпарат тараған кезде Қазақстан үшін балама байланыс арналарының қажеттілігі айқын сезілгенін атап өтті. Себебі сол кезеңде Қазақстан интернет трафигінің бір бөлігі Ресей инфрақұрылымы арқылы өтіп отырған.

    «Бұл ақпарат кеңінен талқыланып, ашық жазылды. Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер, Ресей аумағында Telegram шектеліп жатыр, Facebook пен Instagram бұрыннан жабық, WhatsApp пен YouTube-қа да түрлі шектеулер қойылып келеді. Жалпы, Ресей аумағында көптеген ақпарат құралдарына тосқауыл жасалған», — деді ол.

    Осыған байланысты Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің астымен жаңа оптикалық-талшықты байланыс желісін тарту туралы шешім қабылдаған.

    Сарапшының сөзінше, қазіргі таңда жоба қарқынды жүзеге асырылып жатыр.

    «Өздеріңіз ойлаңыздаршы, мұндай ірі жобалар әдетте бірнеше жыл бойы жоспарланады. Ал бұл жоба небәрі 9–11 ай ішінде есептеліп, бюджеті анықталып, қолға алынған. Жобаның жалпы құны шамамен 45 миллион долларды құрайды.

    Кеше Бағдат Мусин Қытайдың Цзянсу қаласына барып, теңіз астымен тартылатын оптикалық байланыс желісіне арналған кабельмен танысты. Қытай тарапы кабельді дайындап қойған, қазір оны сынақтан өткізіп жатыр екен.

    Кей деректерге сүйенсек, жоба өте жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатыр және Қытай тарапы оны 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр», — деп қосты ол.

    Сарапшы жаңа желі іске қосылған жағдайда Қазақстан халықаралық интернет дәліздерінің маңызды бөлігіне айналуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жоба интернет жылдамдығын арттырып қана қоймай, Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтеді.

    «Айта кету керек, бұл кабельдің тартылуына Қытайдың да қызығушылығы зор. Себебі қазіргі таңда Қытайдың интернет кабельдері Америка мен Еуропаға мұхит арқылы жетеді. Ал Әзербайжан арқылы өтетін жаңа бағыт іске қосылса, жол едәуір қысқарады. Бұл дегеніміз интернет жылдамдығының артуы деген сөз.

    Әсіресе биржа, сауда және өндіріс салалары үшін интернет жылдамдығы өте маңызды. Жаңа кабельдің өткізу қабілеті секундына 400 терабайт болады деп жоспарланып отыр. Бұл – өте үлкен көрсеткіш», — деді ол.

    Сарапшының айтуынша, алдағы уақытта қажеттілік туындаса, мұндай кабельдер қосымша тартылуы мүмкін.

    Ол бұл жобаны Қазақстанның Ресейден цифрлық тұрғыда тәуелсіз болуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі деп бағалады.

    «Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер, Қазақстан аумағындағы кейбір америкалық хостингтер мен YouTube, Facebook, Instagram секілді платформалардың трафигі бұрын Ресей инфрақұрылымы арқылы бақылауға алынатын.

    Ендігі кезекте біз бұл тәуелділіктен арылып, цифрлық дербестікке қол жеткізе бастаймыз”, — деді сарапшы.

    Сондай-ақ ол болашақта Қазақстан аталған кабель арқылы дүниежүзін байланыстыратын маңызды транзиттік хабқа айналуы мүмкін екенін атап өтті.

    «Яғни, жер шарын сақина тәрізді байланыстыратын жаһандық интернет жүйесінің негізгі буындарының бірі боламыз. Әзербайжан мен Грузияға да бұл бағыттағы әріптестігі үшін алғыс айтуға болады», — деп түйіндеді ол.

    интернет Каспий Қазақстан Мусин технология

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.