Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Болат Назарбаев кезінде кеткен су қоймалар мемлекетке қайтарылды — депутат Базарбек

    Болат Назарбаев кезінде кеткен су қоймалар мемлекетке қайтарылды — депутат Базарбек

    Ел іші 16/04/2026
    tengrinews.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек сот процестері мен су қоймаларын мемлекет меншігіне қайтару мәселесіне бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді. Ол мысал ретінде Алматы облысын келтірді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Депутаттың айтуынша, Конституцияда табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені және мемлекет оларды халық атынан басқаратыны бекітілгеніне қарамастан, су қорының бір бөлігі жеке меншікке өтіп кеткен жағдайлар бар.

    Базарбек кейбір істер бойынша соттар мемлекеттің ұстанымын қолдап, бұрын жасалған келісімдерді заңсыз деп танып жатқанын айтты. Алайда ұқсас басқа жағдайларда керісінше шешімдер қабылданып, бұл сот тәжірибесінің бірізділігіне қатысты сұрақтар туындатып отыр.

    Оның сөзінше, Алматы облысында су қорын заңсыз иеліктен шығару фактілері бойынша тексерулер сотқа дейін жетіп, кей жағдайда сот мемлекет пайдасына шешім шығарған.

    «Алматы облысындағы төрт ірі су қоймасы бұрын Болат Назарбаевтың кезеңінде, оның көмегімен, бір адамның қолына заңсыз өтіп кеткен. Қазір олар мемлекет меншігіне қайтарылды», – деді депутат.

    Сонымен қатар, мәжілісмен сот тәжірибесінде қарама-қайшы мысалдар да бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтарындағы жерлерді қайтару бойынша кейбір істерде заңбұзушылықтар анықталғанымен, ұқсас процестерде мемлекеттік органдардың талаптары қанағаттандырылмаған.

    Базарбек Жер және Су кодекстеріне сәйкес мұндай аумақтар жеке меншікке берілмеуі тиіс екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл істер бойынша бірыңғай тәсіл болуы қажет.

    «Судьялардың ұстанымы туралы ұзақ талқылауға болады. Бірақ заң талаптары анық: су қоры нысандары мен жерлері жеке меншікке берілмеуі керек. Неге Алматы облысында заңсыз берілген жерлерді қайтару кезінде қиындықтар туындайды? Заң бәріне ортақ, олигархтар үшін бөлек әділет болмауы тиіс», – деді ол.

    Осыған байланысты депутат Бас прокурордан Қапшағай су қоймасы мен Іле өзені аумағындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты талаптарды ерекше бақылауға алуды сұрады.

    Сонымен қатар, тексеріс қорытындысы бойынша 65 жер телімі бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану және меншік құқығын жою үшін қосымша талап-арыздар беруді ұсынды.

    Болат Назарбаев депутат су қоймалар

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.