Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университетінің ғылыми жобалары халықаралық саммит көрмесінде таныстырылды

    Абай университетінің ғылыми жобалары халықаралық саммит көрмесінде таныстырылды

    Жаңалықтар 22/04/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік экологиялық саммиті өз жұмысын бастады. БҰҰ, бір-біріне жақын өңірлік ел басшылары және басқа да халықаралық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған диалог алаңы – экожүйелерді, су және жер ресурстарын қорғауға, Орталық Азия өңірінің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған. Саммит аясында ұйымдастырылған «RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесіне Абай университетінің делегациясы арнайы қатысып, ғалымдардың экологиялық тың жобаларын жиналғандардың назарына ұсынылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Түрікменстан, Моңғолия және Грузия мемлекеттерінің президенттері қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, маңызы жағынан ауқымды саммитке БҰҰ мен жетекші халықаралық ұйымдардың (ЕҚҰЫ, ЭҰЫ, ЭЫДҰ, ТМҰ, ШЫҰ, ЕЭК, ИСЕСКО, АӨСШК, т.б.)  және қаржы институттарының (АДБ, ЕҚҚДБ, Дүние жүзі банкі, Ислам даму банкі) өкілдері де келген.

    Пленарлық отырыста ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің экологиялық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын жеткізді.

    – Елдеріміз тұтас экожүйеде өмір сүреді. Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз. Орталық Азия мен көршілес аймақтар ұқсас экологиялық сын-қатерлерге тап келді. Атап айтқанда, су тапшылығы мен су ресурстарын тиімсіз басқару, шөлейттену, мұздықтардың еруі, ауаның ластануы және биоалуантүрліліктің жойылу қаупі. Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін, – деді Президент.

    Саммит аясында ұйымдастырылған көрмеге Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы—РекторБолат Тілеп, Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Е.Сұлтан қатысты. Мәртебелі қонақтарға Абай университетінің ғылыми жобаларын Жаратылыстану және география факультетінің деканы Күләш Каймулдинова, Биология кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Махаббат Аманбаева, Химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ербол Тілеуберді, Инновациялар және нанотехнологиялар зертханасының жетекшісіВиктор Лысенко таныстырды.

    Көрмеде «Abai University: Тұрақты даму жолында» тақырыбында 5 жоба таныстырылды. Оның ішінде электронстанция, жасыл университет, экоклуб және құм-топырақты жыныстардан мұнайды бөлуге арналған жылжымалы қондарғыбар. «Баламалы электростанция» жобасы алыс объектілерді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін түрлі қуаттылықтағы экологиялық таза баламалы электр станцияларын құруға бағытталған.

    «Green University»  тұжырымдамасы маңызды экологиялық іс-шараларды, энергия тиімділігін арттыруды, экологиялық білім беру бағдарламаларын енгізуді, аумақты көгалдандыруды және жақсартуды, жасыл технологияларды енгізуді және басқа да бағыттарды қамтиды. Ал «Biohumus» жобасы – зерттеу калифорниялық қызыл құрттарды пайдалану арқылы органикалық қалдықтардан биогумус өндіру үдерісін қарастырады.

    Сонымен қатар, университеттің студенттік «Аяла» экоклубы таныстырылды. Бұл ұйым –экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тұрақты ойлауды дамытуға және университет пен қоғам деңгейінде өзекті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған білім алушылардың ерікті бірлестігі. Мұнай шыламдарын және мұнаймен ластанған топырақты залалсыздандыра отырып, жыныстардан мұнайды бөлуге арналған«Жылжымалы қондырғы» ғылыми жобасы да келушілердің назарын қызығушылығын туғызды.

    Өңірлік экологиялық саммит жұмысы 24 сәуірге дейін жалғасады. Халықаралық жиын қорытындысында өңірдің экожүйесіне қатысты тың бастамалар қабылданады деп күтілуде.

    Абай университеті көрме саммит

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.