Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 26 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ауқымды рейд: Шымкенттегі айыптұрақтар көлікке толды

    Ауқымды рейд: Шымкенттегі айыптұрақтар көлікке толды

    Жаңалықтар 24.04.2026
    inshymkent.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шымкентте жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында жүргізіліп жатқан ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара аясында бір аптада 500-ден астам көлік айыптұрақтарына қойылған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    24.kz арнасының мәліметінше, қалаға Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан арнайы жасақ келген. Қазіргі уақытта патрульдік қызмет тәулік бойы, яғни күндіз де, түнде де үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

    Тексеру барысында жол ережесін бұзған немесе құжаттары талапқа сай емес көліктер бірден айып тұрағына жөнелтіледі. Соның нәтижесінде бір апта ішінде 500-ден астам автокөлік арнайы тұраққа қойылған.

    Тексеру барысында қалада алғашқы медициналық қобдиша, өрт сөндіргіш және жарық шағылыстыратын кеудешелерге сұраныс күрт артқан. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету орталықтарында да кезек көбейген. Көлік иелері қысқы дөңгелектерін ауыстырып қана қоймай, әйнектегі жарықтарды жөндеуге де жүгіне бастаған.

    Алайда полиция өкілдері бір апта ішінде алғашқы көмек қобдишасы немесе өрт сөндіргіштің болмағаны үшін ешкімге айыппұл салынбағанын атап өтті.

    Құқық қорғау органдары барлық жұмыс жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсінбеушілік туындап, түрлі сұрақ көбейгені айтылды.

    «Халықтан көп сұрақ түсіп жатыр, біз түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Ресми парақшалар мен барлық қолжетімді арналар арқылы ақпарат берілуде. Ешқандай дүрбелеңге берілудің қажеті жоқ», – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті 24.kz арнасына.

    полиция рейд Шымкент

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.