Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    Жаңалықтар 05/05/2026
    nege.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда қаңғыбас жануарлар мәселесіне қатысты дау қайта күшейді, бұл жолы Мәжіліс депутаты әлеуметтік желідегі жазбасымен қоғам назарын аудартты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Қаңғыбас жануарлар тақырыбы соңғы жылдары елдегі ең өткір әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Осы мәселені көтеріп жүрген Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Facebook парақшасында эмоциялық жазба жариялап, қоғамдағы жағдайға қатысты өз көзқарасын ашық білдірді.

    «Екі аяқты “иттер” айыра алмаған жолдастықты, төрт аяқты иттер келіп айырады екен», – деп жазды депутат.

    Бұл жазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, түрлі пікірталас тудырды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі қаңғыбас иттердің көбейіп, қауіп төндіріп отырғанын айтса, енді бірі жануарларға қарсы қатал шараларға қарсылық білдірді.

    Жалпы, Қазақстанда қаңғыбас жануарлар мәселесі 2021 жылы қабылданған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңнан кейін ерекше өзектене түсті. Заң жануарларды жаппай жоюға тыйым салып, оларды қорғауға бағытталған болатын. Алайда кейінгі жылдары елдің түрлі өңірлерінде қаңғыбас иттердің көбеюі мен адамдарға шабуыл жасау жағдайлары жиілеп, қоғамда наразылық күшейді.

    Осыған байланысты заңға өзгерістер енгізу бастамасы көтерілді. Мәжілісте қаралған түзетулер жануарларды есепке алу, міндетті чиптеу, сондай-ақ олардың санын реттеу тәртібін күшейтуді көздеді. Сонымен қатар, белгілі бір мерзім ішінде иесі табылмаған жануарларға эвтаназия қолдану мәселесі ұсынылған еді.

    «Бұл кездейсоқ емес. Біз бүгін тек заң нормаларын ғана емес, жануарлар санын реттеу мәселесін де қарастырып отырған жоқпыз. Біз адамгершілік, жауапкершілік және қандай қоғам қалыптастырып жатқанымыз туралы айтып отырмыз», – деді сенатор Арман Өтеғұлов.

    Депутаттар қаңғыбас жануарлар санының көбеюіне басты себеп – иелерінің жауапсыздығы екенін атап өтті.

    «Жоғалған, тасталған, бақылаусыз көбейген үй жануарлары көшелерді толтырып жатыр. Нақты бақылау мен жауапкершілік болмайынша, бұл мәселе қайта-қайта қайталана береді», – деді Өтеғұлов.

    Сонымен қатар қоғамда ең үлкен дау эвтаназия мәселесіне қатысты туындады.

    «Қоғамның ерекше назарында ең сезімтал мәселе – жануарларды эвтаназиялау. Алайда атап өткім келеді, эвтаназия – бұл шекті шара, жануарлар санын реттеу тәсілі емес», – деді парламентарий.

    Қоғамдық қысым мен пікірталастар нәтижесінде Сенат заң жобасын толық қолдамай, оны Мәжіліске кері қайтарды. Сенаторлар бірқатар нормаларды қайта қарау қажет екенін айтты. Атап айтқанда, «эвтаназия» терминінен бас тарту және жануардың мәртебесін анықтауда чиптен бұрын иесінің бар-жоғын негізгі белгі ретінде қарастыру ұсынылды.

    Сондай-ақ билік жануарларды тастап кеткені үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Жаңа нормалар бойынша үй жануарын көшеге тастағандарға айыппұл салу көзделуде.

    Осылайша, қаңғыбас жануарлар мәселесі тек заңдық деңгейде емес, қоғамдағы көзқарастар қақтығысына айналды. Мәжіліс депутатының әлеуметтік желідегі жазбасы бұл тақырыптың қаншалықты өзекті әрі күрделі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

    IT депутат Жаңбыршин қаңғыбас ит

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.