Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

    Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

    Жаңалықтар 11/08/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Колумбияның Тынық мұхиты жағалауында болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 132 адамға жетті. Тағы 87 адам түрлі жарақат алған. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 балл болған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жер сілкінісі дүйсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 07:34-те тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Сан-Хосе-дель-Пальмар ауылы маңында орналасса, ошағы 107 шақырым тереңдікте жатқан, деп жазады BBC.

    Апатқа байланысты Колумбияда төтенше жағдай режимі жарияланды.

    Жуырда өткен сайлаудан кейін ел басшылығына келген президент де ла Эсприэлья үкіметтің барлық ресурсы зардап шеккен өңірлерге жұмылдырылғанын мәлімдеді.

    – Ұлттық үкімет азаматтарды қорғау, зардап шеккен аймақтарды қолдау және қажетті көмекті жеткізу үшін барлық мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Қазір басты міндет – үйінді астында қалған адамдарды құтқару, – деді президент.

    Колумбиядағы халық саны бойынша үшінші ірі қала саналатын Калидің мэрі Алехандро Эдер бастапқыда 18 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Оның айтуынша, қалада кемінде 20 ғимарат құлаған. Кейінірек құрбандар санының артқаны белгілі болды.

    Чоко департаментінің басшысы Нубия Каролина Кордоба көптеген адамның зардап шеккенін айтты, алайда нақты санын жарияламады. Оның сөзінше, департаменттің әкімшілік орталығы Кибдо қаласында көптеген ғимарат қатты зақымданып, жараланғандар бар.

    Көршілес Рисаральда провинциясының губернаторы Хуан Диего Патино жергілікті Blu Radio радиосына берген сұхбатында департамент астанасы Перейра қаласындағы бірқатар ғимаратқа айтарлықтай зақым келгенін мәлімдеді.

    – Бұл өте ауыр жағдай. Көріністер шынымен де қорқынышты: адамдар жараланған, ғимараттардың қасбеттері опырылып түскен, – деді ол.

    Жер сілкінісінің дүмпуі эпицентрден шамамен 400 шақырым қашықтықтағы ел астанасы Боготада да сезілген. Қалада бағдаршамдар мен ағаштар тербеліп, тұрғындар үйлерінен сыртқа жүгіріп шыққан. Бірнеше ғимараттан адамдар эвакуацияланған.

    Кейін Богота мэрі Карлос Галан әлеуметтік желіде жариялаған мәліметінде астанада елеулі зақым тіркелмегенін хабарлады.

    апат жер сілкінісі Колумбия

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.