Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісуда мас күйінде көлік айдап жол апатын жасаған адам ұсталды

    12.08.2026

    15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

    12.08.2026

    Анасына пышақ салған қанды қол шетелден жеткізілді

    12.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 12 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісуда мас күйінде көлік айдап жол апатын жасаған адам ұсталды

      12.08.2026

      15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

      12.08.2026

      Анасына пышақ салған қанды қол шетелден жеткізілді

      12.08.2026

      Тоғызқұмалақтың халықаралық дамуы: Қазақстан делегациясы Қытайда

      12.08.2026

      Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

      11.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

    15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

    Жаңалықтар 12.08.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Даркнетте өзін shymzz13 деп таныстырған хакер Қазақстан азаматтарының ауқымды деректер базасын сатуға шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Оның айтуынша, базада шамамен 15 миллион қазақстандықтың жеке мәліметтері сақталған. Бұл ел халқының шамамен төрттен үш бөлігіне тең. Хакер деректерді мемлекеттік қызметтер порталы eGov жүйесін бұзу арқылы қолға түсіргенін алға тартады.

    Сатушы ақпараттың құнын 0,5 биткоинге бағалаған. Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 32 мың АҚШ долларына тең. Көлемі 2,7 гигабайт болатын архивте 47 миллионға жуық жазба бар екені айтылған.

    Жарияланған мәліметтерге сәйкес, базада азаматтардың жеке куәлік деректері, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, жұмыс орындары туралы ақпарат, құжаттардың сканерленген көшірмелері және парольдер болуы мүмкін.

    Айта кетейік, соңғы уақытта eGov жүйесінің жұмысына қатысты бірнеше мәселелер тіркелген болатын. Тамыз айының басында кейбір қолданушылар сервиске кірген кезде өзге азаматтардың жеке кабинеттеріне қол жеткізе алғанын хабарлаған. Ал көктемде қазақстандық қаржы сарапшысы eGov арқылы компания тіркегеннен кейін бірнеше сағат ішінде жарнамалық қоңыраулар ала бастағанын мәлімдеген.

    Киберқауіпсіздік мамандары мұндай көлемдегі деректер базасы алаяқтардың қолына түссе, азаматтар үшін елеулі қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Сарапшылардың пікірінше, ақпаратты түрлі телефон алаяқтары мен киберқылмыстық топтар пайдаланып кетуі ықтимал.

    Алайда қазіргі уақытта деректер базасының шынайылығы мен оның нақты қай жүйеден алынғаны ресми түрде расталған жоқ. Сондықтан жарияланған ақпаратқа сақтықпен қарау қажет.

    жеке дерек интернет хакер

    Оқылып жатыр

    Жетісуда мас күйінде көлік айдап жол апатын жасаған адам ұсталды

    12.08.2026

    Анасына пышақ салған қанды қол шетелден жеткізілді

    12.08.2026

    Тоғызқұмалақтың халықаралық дамуы: Қазақстан делегациясы Қытайда

    12.08.2026

    Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

    11.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісуда мас күйінде көлік айдап жол апатын жасаған адам ұсталды

    12.08.2026

    15 млн қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кеткен

    12.08.2026

    Анасына пышақ салған қанды қол шетелден жеткізілді

    12.08.2026

    Тоғызқұмалақтың халықаралық дамуы: Қазақстан делегациясы Қытайда

    12.08.2026

    Колумбияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 130-дан асты

    11.08.2026

    Головкин тағы бір халықаралық лауазымнан үмітті

    11.08.2026

    Жыл басынан бері ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 4,1% өскен

    11.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.