Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сыйға алған пәтерге салық төлене ме?

    Сыйға алған пәтерге салық төлене ме?

    Жаңалықтар 14/08/2026
    baq.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда бір адам екінші адамға пәтерді сыйға тартқан жағдайда, оны алған азамат жеке табыс салығын (ЖТС) төлемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірме берді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ведомствоның мәліметінше, жеке тұлғаның басқа бір жеке тұлғадан тегін негізде алған мүлкі, оның ішінде сыйға тартылған немесе мұраға қалған мүлік салық салынатын табыс болып саналмайды. Сондықтан сыйлыққа алған пәтер үшін жеке табыс салығын төлеудің қажеті жоқ.

    Алайда бұл ереже кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған мүлікті тегін алған жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.

    Сыйға алған пәтерді сатсаңыз не болады?

    МКК мәліметінше, егер сыйға алынған пәтер меншік иелігінде екі жылдан аз уақыт болып, 2026 жылы сатылса, кей жағдайда жеке табыс салығы туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда салық салынатын табыс пәтерді сату бағасы мен оның бағалау құны арасындағы оң айырма ретінде есептеледі. Бағалау құны ретінде меншік құқығы пайда болған жылдың 1 қаңтарындағы мүлік салығын есептеу үшін белгіленген құн алынады.

    Сонымен қатар ерекше жағдай да бар. Егер мүлік 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін тегін алынып, ал сату 2026 жылдың 1 қаңтарынан кейін жүзеге асса, бұрынғы тәртіп қолданылады. Яғни меншік мерзімі екі жыл емес, бір жылдан аз болған жағдайда ғана салық мәселесі қаралады.

    Салық қалай есептеледі?

    Комитеттің түсіндіруінше, тегін алынған мүлікті сатқан кезде сатып алу құны болмағандықтан, өсімнен түсетін табыс ретінде көбіне сату құнының өзі есепке алынады.

    Дегенмен Салық кодексінде бірқатар ерекшелік қарастырылған:

    егер мүліктің құны бұрын салық салынатын табыс ретінде есепке алынған болса, сол құн негізге алынады;

    мұра немесе қайырымдылық ретінде алынған мүлік үшін нарықтық құн қолданылады;

    тұрғын үй секілді мүлік объектілері үшін бағалау құны есепке алынады;

    жер учаскелері бойынша кадастрлық құн пайдаланылады;

    өзге жағдайларда сатып алу құны нөлге тең деп есептеледі.

    Осылайша, сыйлыққа берілген пәтерді алған азамат оған бірден салық төлемейді. Бірақ мұндай баспананы кейін сату кезінде меншік мерзімі мен бағалау құнына байланысты салық міндеттемесі туындауы мүмкін.

    керек дерек пәтер салық сыйлық

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.