Қазақстандық банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруды ұлғайтып жатыр. Алайда кәсіпкерлерге берілген несиелердің сапасы нашарлай бастаған, деп хабарлайды Tarazy.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, төлем мерзімі 90 күннен асып кеткен проблемалық несиелердің көлемі 473,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 40%-ға көп.
Соның нәтижесінде проблемалық қарыздардың ШОБ несие портфеліндегі үлесі 3,9%-ға дейін өсті. Басқаша айтқанда, кәсіпкерлерге берілген әрбір 25 теңгенің шамамен бір теңгесі уақытында қайтарылмай отыр.
Осылайша, нарықта екі үрдіс қатар байқалады: кәсіпкерлер банктерден бұрынғыдан көбірек қарыз алып жатыр, бірақ олардың несиені уақытында өтеуі қиындай түскен.
