Белсенді Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаны қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы қоғам белсендісі Әлнұр Ілияшев өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Айта кетейік, Санжар Боқаев 18 наурыз күні ұсталған болатын. Осылайша ол тергеу изоляторында алты айға жуық уақыт отыр.
Бұған дейін Бас прокуратура Боқаевтың әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға ақша ұсынып, ағаштарды заңсыз кесуге және ұрлық жасауға тапсырма берген деген күдікке ілінгенін хабарлаған.
Сонымен қатар оған аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен иемдену, жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялау баптары бойынша айып тағылған.
Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
