Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Құрылтай құрамындағы журналистер кімдер?

    Құрылтай құрамындағы журналистер кімдер?

    Басты тақырып 27/08/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Құрылтайдың бірінші шақырылымына журналистика және медиа саласында еңбек еткен 11 азамат депутат болып сайланды. Олардың оны “Әділет” партиясының, біреуі Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның атынан мандат иеленді. Жаңа депутаттар бұған дейін қандай қызмет атқарған? 

    23 тамызда өткен сайлау қорытындысында «Әділет» партиясы 71,17 пайыз дауыс жинап, Құрылтайдағы 145 депутаттық орынның 110-ын иеленді. Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға сайлаушылардың 5,11 пайызы дауыс беріп, партия сегіз мандат алды. Құрылтайға осы екі партиядан бұған дейін медиа саласында еңбек еткен 11 адам сайланды.

    Дихан Қамзабекұлы

    Фото: aikyn.kz

    Дихан Қамзабекұлы – белгілі алаштанушы ғалым және баспасөз саласының өкілі. Ол М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек еткен. Кейін “Егемен Қазақстан” газетіне басшылық етті, қазір “Қазақ газеттері” серіктестігінің бас директоры.

    Жанарбек Әшімжан

    Жанарбек Әшімжан “Жас Алаш”, “Ана тілі” және “Қазақ әдебиеті” газеттерінде қызмет атқарған. Ол “Ана тілі” басылымының бас редакторы болды. Кейін Мәжіліс депутаты болып сайланып, “Масс-медиа туралы” заң жобасын әзірлеген жұмыс тобын басқарды.

    Максим Рожин

    Максим Рожин журналистика және медиаменеджмент саласында еңбек еткен. Әр жылдары бұқаралық ақпарат құралдары мен “Қазконтент” компаниясында басшылық қызметтер атқарды. 2023–2026 жылдары Мәжілістің VIII шақырылым депутаты болды.

    Сергей Пономарев

    Фото: t.me/mazhilis_kz

    Сергей Пономарев журналистік еңбек жолын Қазақ радиосында редактор әрі жүргізуші болып бастаған. Кейін КТК телеарнасында тілші және жаңалықтар жүргізушісі, “Хабар” агенттігінде шолушы болып жұмыс істеді. 2023–2026 жылдары Мәжіліс депутаты болды.

    Армангүл Тоқтамұрат

    Фото: aikyn.kz

    Армангүл Тоқтамұрат – “Қазақстан” ұлттық телеарнасының журналисі және тележүргізушісі. Көрермен оны “Ақпарат” пен “Жедел желі” бағдарламалары арқылы таниды. Ол әлеуметтану мамандығын тәмамдап, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.

    Ирина Тен

    Фото: instagram.com/iris_ten10

    Ирина Тен – “Қазақстан” ұлттық телеарнасындағы “Таңшолпан” бағдарламасының жүргізушісі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Телевизиядағы еңбек жолын студент кезінде бастаған.

    Жарқынбек Амантайұлы

    Фотосурет: Parlam.kz

    Жарқынбек Амантайұлы – филолог және журналист. Ақпарат саласында жұмыс істегеннен кейін 2023 жылы Мәжіліс депутаты болып сайланды.

    Ләззат Қожахметова

    Фото: qazaqstan.kz

    Ләззат Қожахметова – журналист, оқытушы және қоғам белсендісі. Ол “Талбесік” көпбалалы аналар одағы” қоғамдық бірлестігінің негізін қалаған. Бірлестік арқылы көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, жәрдемақы және тұрғын үй мәселелерін көтеріп келеді.

    Қарлығаш Жаманқұлова

    Фото: Ұлттық құрылтай

    Қарлығаш Жаманқұлова медиа саласы мен сөз бостандығын қорғау бағытында еңбек еткен. Ол АҚШ елшілігінде өңірлік медиа жөніндегі кеңесші, Еуропалық одақ өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөлімінде қызметкер болды. 2022–2026 жылдары “Әділ сөз” халықаралық сөз бостандығын қорғау қорын басқарды.

    Ерлан Тоқшылық

    Фото: azattyq-ruhy.kz

    Ерлан Тоқшылық – журналист және медиаменеджер. Ол Солтүстік Қазақстан облыстық “Qyzyljar” телеарнасын 14 жыл басқарған. Кейін жоғары оқу орнына ауысып, Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

    Мақсұт Насибулов

    Мақсұт Насибулов – ЖСДП Орталық аппаратының басшысы. Бұған дейін партияның жастар қанатын басқарған, ЖСДП-ның ресми сайты мен “Социал-демократ” газетін редакциялаған. Сайлау қорытындысы бойынша ЖСДП атынан Құрылтай депутаты атанды.

    депутат журналист құрылтай

    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.