Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 19 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

      18.03.2026

      Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

      18.03.2026

      Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

      17.03.2026

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет — Тоқаев

    Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет — Тоқаев

    Ел іші 07.07.2019
    © facebook.com/Берік Уәли
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажеті дұрыс бастама екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Құрметт отандастар, құрметті қауым! Ең алдымен баршаңызды үлкен бірегей мерекемен, Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрамды ұлттық руханиятты ел, зор құрмет, баршамызға ортақ құндылықты ұлықтау деп түсінуіміз керек. Тарихта халқымыздың өз салтымен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған сәттері болғаны жасырын емес. Алайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген бастамасының арқасында бүгінде халқымыздың дәстүрлі өнерге деген шынайы ықыласы артып келеді. Ұлттық домбыра күні — соның айғағы.

    Бүкіл халқымыз осы шуақты мерекені айрықша қуанышпен тойлайды. Себебі қазақ пен домбыра егіз ұғым. Ақын Қадір ағамыз қасиетті домбырамызды нағыз қазақ деп жырлаған. Күмбірлеген домбыраның үні, батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс. Бүгін міне барша қауым болып, ұлттық аспаптар шыққан күйдің құдіреті мен қуатын сезіндік. «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Әлқисса» күйлері — ұлттық рухымызды көтеретін таңғажайып туындылар.

    Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет. Ұлттық құндылықтарымызды жастарымыздың санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды. pic.twitter.com/Dss7tD9xw2

    — Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 7, 2019

    Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған, асыл мұрамызды сақтап, қадір тұтуымыз қажет. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Нұрғисалар бастаған күйшілік дәстүрді еліміздің дарынды жастары жалғастырып келеді. Ұлттық домбыра мерекесі жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге деген құрметін арттырады. Бұл Рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. Өнер — ұлт келбеті дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық, домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды.

    Домбыра аспабы — қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажеті дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет. Төл мәдениетімізге деген қамқорлық әрқашан мемлекеттік тарихшылар назарында болады. Біз қазақтың дәстүрлі әнін, күйін, елімізге ғана емес, әлем жұртшылығығына танытып жүрген өнерпаздарымызға лайықты қолдау көрсете беруіміз керек. Олар халқымыздың ұлттық болмысын сақтау үшін, еңбек етіп жүрген өнер тарландары. Қадірлі қауым, Қазақстан ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың мекені. Біздің елімізде түрлі халықтардың мәдениеті өсіп, өркендеуде. Домбыра — бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Ұлттық руханиятымызды дәлелдейтін мереке, домбыраның мәртебесін биікке көтере берсін. Баршаңызға үлкен рақмет, аман болыңыздар құрметті ағайын!», — деді Мемлекет басшысы.

    Бүгін мереке құрметіне орай «Қазақ Елі» монументі алаңында концерт өтіп жатыр. Жас шектеулеріне қарамастан барлық ниет білдірушілер өнер көрсетеді. «Сарыарқа», «Адай», «Әлқиса», «Көңіл толқыны», «Балбырауын» және «Көреғұлы» күйлерін домбырада орындау міндетті шарт болды.

    Күйлерді жаппай орындаумен қатар, қонақтар үшін елордалық музыкалық мектептердің тәрбиеленушілері, «Жастар» театрының актерлері тарихи қойылым көрсетті, мереке аясында ақындар айтысы өтті.

    Былтыр Ұлттық домбыра күніне орай «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда домбыра оркестрінде 2000-нан аса музыкант өнер көрсеткен еді.

    домбыра Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп

    Оқылып жатыр

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан астық экспортын 12,7%-ға арттырды: бұл — рекордтық көрсеткіш

    18.03.2026

    Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды

    18.03.2026

    Жаңа Конституцияда орыс тілінің мәртебесі биік — Дәурен Абаев

    17.03.2026

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.