Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Елдегі криптонарық бақылауға алынады — Тимур Сүлейменов

    Елдегі криптонарық бақылауға алынады — Тимур Сүлейменов

    Жаңалықтар 15/09/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Елімізде цифрлық активтер айналымындағы күмәнді әрекеттерді әшкерелеуге арналған жаңа жүйе іске қосылмақ. Осы мақсатта Ұлттық криптоаналитика орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Орталық криптовалюта қозғалысының бүкіл тізбегін зерттейді. Мамандар цифрлық әмияндар арасындағы аударымдарды, операцияға қатысушыларды, сондай-ақ қаражаттың криптовалютадан дәстүрлі ақшаға және кері бағытта ауысуын қадағалай алады.

    Жоба қаржы саласындағы алаяқтыққа қарсы күресті де күшейтпек. Криптоаналитика орталығы Ұлттық банктің Антифрод-орталығымен ықпалдасып, анықталған деректерді банктермен, құқық қорғау органдарымен және цифрлық активтер нарығында заңды түрде қызмет ететін компаниялармен бөліседі.

    Тимур Сүлейменов жаңа тетік криптовалюта нарығына жаппай шектеу енгізу үшін құрылмайтынын атап өтті. Оның негізгі міндеті – қауіп тудыратын нақты операцияны анықтап, шараны соған қатысты қолдану.

    «Жеке клиентке немесе белгілі бір операцияға қатысты тәуекел лицензияланған провайдердің барлық шотын бұғаттауға негіз болмауы керек. Шектеу тек күмән туғызған нақты жағдайға қатысты енгізілуге тиіс», – деді Ұлттық банк төрағасы.

    Алдағы уақытта Ұлттық банк, Қаржылық мониторинг агенттігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі криптовалюта операцияларын қауіп деңгейіне қарай саралайтын ортақ бақылау тәртібін әзірлемек. Осылайша, құзырлы органдар бүкіл нарықты шектеудің орнына тәуекелі жоғары транзакцияларға басымдық беруді көздеп отыр.

    биткоин криптовалюта криптонарық

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.