Close Menu
    Оқылып жатыр

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 7 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

      07/10/2026

      Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

      07/10/2026

      Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

      07/10/2026

      ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

      06/10/2026

      Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

      06/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тараз перзентханасынан сәби ұрлаған күдікті ұсталды

    Тараз перзентханасынан сәби ұрлаған күдікті ұсталды

    Өңір тынысы 12/07/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласының перинаталдық орталығы ұрланған бүлдіршін жайлы жаңа мәліметтерді айтты, — деп хабарлайды КТК арнасы.

    Орталық қызметкерлерінің сөзінше, оқиға босанған әйелдер түскі асқа кеткен кезде болған. Нәрестелердің жанында акушер мен санитар әйел қалған. «Ол баланы алып, қызметтік есіктен шығып бара жатты. Орталық қызметкері нәрестеге қарап отырып, бір сәтке қызметтік телефонға жауап берген. Артына қараса, бала жоқ», — деді аудандық перинаталдық орталықтың бас акушері Сәуле Альжанова.

    Жас ана алаңдап, дабыл қаққан. Дәрігерлер нәрестені аурухана бөлмелерінен іздеген, алайда баланың ғимаратта жоқ екенін сезгесін, полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Тәртіп сақшылары камера жазбаларын анықтап қарай бастады. Бейнежазбадан баланы ұрлаған адам ретінде босанған әйелдердің бірін таныды. Ол жаңадан туылған нәрестесімен оқиға болардан үш күн бұрын ауруханадан шыққан. Бұл жолы 22 жастағы күдікті ауруханада жатқан көршісінің халін білу үшін келіпті-мыс. Жас ананы мекемедегілер танитын, сондықтан еш күдіктенбестен ғимаратқа кіргізген.

    Кейіннен, баланы ұрлаған жас ана бүлдіршінді Алматы қаласындағы жас отбасына сатпақшы болғаны анықталды. Кездесу перзентхананың жанындағы қонақүйде орын алмақшы болған. Алайда сол жерде күдіктіні құрықтаған.

    Кейінне анықталғандай, ол құқық қорғау қызметкерлерінің назарына бұрын да түскен екен. Алайда, алдыңғы әрекеттері сотқа дейін жетпеген. Енді ол түрмеге қамалуы мүмкін.

    «Алдын ала келісу арқылы кәмелетке толмаған адамдармен сауда жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес  тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырулуы мүмкін. Жаза мерзімі жас ананың нәрестесі бар екендігін де қарастыратын болады», — деді Жамбыл облысының ПД тергеу басқамасы бастығының орынбасары Жарасқан Ақбердиев.

    Қазіргі таңда күдікті ешқайда кетпеу туралы тілхатпен жүр. Жамбыл облысының периноталдық орталығында болған оқиғадан кейін, мекемеде тексеріс жұмыстары басталды. Балаға қарау керек болған акушер мен санитар әйелді жұмыстан босатты. Екі аға акушерді қызметінен төмендетті. Сонымен қатар екі бөлімнің басшыларына да сөгіс жарияланды.

    перзентхана Тараз ұрлық

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

    06/10/2026

    Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    05/10/2026

    Азиада нәтижесі: Спорт сарапшысы шолу жасады

    05/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.