Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Түн ішінде Алматыдағы Студенттер сарайы құлап, ортасына түсті

    Түн ішінде Алматыдағы Студенттер сарайы құлап, ортасына түсті

    Жаңалықтар 24/09/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда Студенттер сарайының ғимараты опырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазып жатыр. Ғимарат 2024 жылдан бері жөндеуге жабылған еді.

    Түймебаев басқаратын Қазұу ұжымы тарихи ғимаратты қиратып тынды. Ремонт деді, анау деді, мынау деді, сонымен Студенттер сарайы жоқ енді. 23-інен 24-іне қараған түні сарайдың төбесі ортасына түсті. Адамдар аман шығар. 2006 жылы студент кезімде осында жұмыс істеп алғашқы еңбекақымды алып едім. Біз үшін аяулы, ыстық мекен еді. Сахнасында талай концерт жүргізіп, қойылым қойдық. Жастық шақтың ең бір есте қалар күндері сонда өтті. Мына көріністі көру өте ауыр болды. 1989 жылы бой көтерген ғимарат әлі ескіре қойған жоқ еді. Қай данышпанның басына жөндеу туралы ой келгенін қайдам, бірақ ең бір сәтсіз шешім (сыпайы айтқанда). Жөндеуге бастамашы болған, ұсыныс жасаған — университет. Тапсырыс беруші — Ғылым министрлігі. Мақұлдап, рұқсат берген — Алматы әкімдігі. 2021 жылдың наурыз айында тарихи-мәдени нысан ретінде мемлекеттік тізімге енген еді, деп жазды Жарас Ниязбек.

    Бұл жағдайға қатысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады. Оқу орны Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайын реконструкциялауға қатысты келесіні хабарлады:

    Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталды. Бұл нысан ұзаққа созылған құрылыс қатарына жатады, ал құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі шаруашылық тәсілмен атқарылды.

    Шамамен 30 жылға жуық уақыт бойы қолданыста болған ғимаратқа күрделі жөндеу де, реконструкция да жүргізілмеген. Бұл өз кезегінде құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелердің табиғи әрі айқын тозуына әкеп соқтырды. Университет пайдаланушы ұйым ретінде ғимараттың техникалық жай-күйін барлық кезең бойы бақылауда ұстап, оның конструктивтік элементтерінің нашарлай бастағанын тіркеп отырды. Осыған байланысты тіреуіш және қоршау конструкцияларына кешенді техникалық зерттеу жүргізу қажеттігі туындады.

    2023 жылы аккредиттелген ұйым ғимараттың техникалық жай-күйіне сараптамалық тексеру жасады. Оның нәтижелері бойынша төмендегідей айтарлықтай ақаулар мен зақымдар анықталды:

    1. Темірбетон ригельдерінің бір бөлігінің жоқтығы және конструкциялардың ашық қалған учаскелерінің болуы;

    2. Жертөле қабатында темірбетон қабырғалардың болмауы;

    3. Түйіскен жерлеріндегі бағандардың коррозияға ұшырауы және ішінара бұзылуы;

    4. Құрама темірбетон бағандардың түйіскен жерлерінде қисаюы;

    5. Бірінші қабаттан шығатын тұстарда екінші қабатта темірбетон бағандардың болмауы;

    6. Ригельдердің бағандармен жалғанатын түйіндерінің бұзылуы, соның салдарынан ригельдер бір-бірімен тірек элементтерінсіз жалғанған;

    7. Ғимараттың бірінші қабатының оңтүстік және солтүстік бөліктерінде темірбетон ригельдерінің иіліп қалуы;

    8. Кеңістігі топырақпен толтырылған жертөле бөлмесінде темірбетон қабырғалардың болмауы;

    9. Қасбеттің (фасадтың) жылу оқшаулау қабатының толық бұзылуы және «суық көпірлерінің» пайда болуы, бұл ғимараттың жылу сақтау қасиетінің жоғалуына әкеп соқтырды;

    10.Шатырдың металл конструкцияларының, соның ішінде ғимараттың қасбет бөлігі астындағы элементтердің коррозияға ұшырауы және жергілікті деформациялар.

    Жоғарыдағы деректер Студенттер сарайының басынан құрылыс нормалары мен ережелері талаптарын өрескел бұза отырып пайдалануға берілгенін көрсетіп отыр. Ең бастысы, ішкі әрлеу жұмыстарын бөлшектемейінше, мұндай күрделі ақауларды көзбен көріп анықтау мүмкін емес.

    Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес, ғимараттарға ағымдағы жөндеу әр 3-5 жыл сайын, ал күрделі жөндеу 20-25 жылда кемінде бір рет жүргізілуі тиіс.

    Бұдан бөлек, 2024 жылдың қаңтар айында Алматы мен оған іргелес аймақта әртүрлі қарқындылықтағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді. Сейсмикалық белсенділік ұзақ уақыт бойы пайдаланылған және зақымдары анықталған ғимараттардың конструкцияларына қосымша әсер етуі мүмкін. Бұл жағдай Студенттер сарайының сейсмикалық төзімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді реконструкция жүргізу қажеттілігін одан әрі күшейте түседі.

    Университет Студенттер сарайының тарихи-мәдени құндылығын, оның қоғамдық орталық және мәдени-көпшілік шараларды өткізетін алаң ретіндегі маңыздылығын терең түсіне отырып, бұл нысанды сақтап қалу және қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.

    Реконструкция барысындағы басты басымдық ретінде ғимараттың конструктиивтік сенімділігін, сондай-ақ студенттер, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі белгіленді.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырады және тиісті зерттеу нәтижелері мен алдағы шешімдер туралы ақпарат беріп отырады.

    жөндеу ҚазҰУ Студенттер сарайы

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.