Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 13 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісу университетінде өңірлік кадр қажеттілігі мәселелері талқыланды

    Жетісу университетінде өңірлік кадр қажеттілігі мәселелері талқыланды

    Жаңалықтар 28/09/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында «Өңірлік кадрларға қажеттілік картасы негізінде білім беру шешімдерін әзірлеу» тақырыбында әдістемелік семинар өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Іс-шараға Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының, облыс әкімдігінің, білім және жұмыспен қамту басқармаларының өкілдері, университет басшылығы, жұмыс берушілер, колледждер мен өңір ұйымдарының өкілдері қатысты.

    Семинарды Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Олжас Сәкенов Жетісу университеті жобалық офисті алғашқылардың бірі болып ашып, өңірлік кадрларға қажеттілік картасын бірінші болып әзірлегенін атап өтті. Ол университет пен облыс әкімдігіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, жобаны іске асыруға үлес қосып жүрген мамандарға ризашылығын білдірді.

    Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев өңірдің еңбек нарығындағы қазіргі және перспективалық кадр қажеттілігіне тоқталды. Оның айтуынша, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, энергетика және өндірістік жабдықтарды пайдалану бағыттарында білікті мамандарға сұраныс артып отыр. Осы орайда қажетті техникалық мамандарды даярлау көлемін ұлғайтып қана қоймай, олардың кәсіби құзыреттерін еңбек нарығының нақты талаптарына сәйкестендіру маңызды.

    Семинар барысында Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оналбаев жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптары туралы баяндама жасады. Ол маман даярлауда теориялық біліммен қатар практикалық дағдылардың маңызына тоқталып, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.
    Ал «Мамандығым – болашағым» бағдарламасы офисінің басшысы Марина Скиба өңірлік кадрларға қажеттілік карталары мен жаңа мамандықтар атластары негізінде білім беру бағдарламаларын трансформациялау бағыттарын таныстырды. Ол кәсіби ортадағы өзгерістерді жүйелі талдау, перспективалық мамандықтар мен заманауи құзыреттерді айқындау және оларды білім беру бағдарламаларына енгізу тетіктері бойынша жүйелі баяндама жасады.

    Семинар барысында панельдік пікірталас пен топтық жұмыстар өткізіліп, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай жаңарту, жұмыс берушілермен байланысты күшейту, өзекті мамандықтар мен жаңа құзыреттерді ескеру мәселесі талқыланды.

    Жиын қорытындысы бойынша аймаққа қажетті мамандарды даярлау, жаңа оқыту бағыттарын қалыптастыру және білім беру жүйесін нарық талабына бейімдеу жолдары ұсынылды.

    жетісу мамандық университет

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.