Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

    28/10/2026

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 28 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

      28/10/2026

      БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

      27/10/2026

      Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

      27/10/2026

      Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

      27/10/2026

      Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

      27/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

    Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

    Жаңалықтар 28/10/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттерді айқындады. Әділетті Қазақстанды құру, елдің экономикалық әлеуетін арттыру, білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу және цифрлық трансформацияны жеделдету мәселелеріне басымдық берілді.

    Президент өз сөзінде білім мен инновацияның маңызын атап өтіп, жасанды интеллект технологияларын экономикамен қатар білім беру мен ғылым жүйесіне де белсенді енгізуді, бұл құралдардың өңірлердегі білім сапасын теңестіруге септігін тигізуі керектігін айтты.

    «Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс»-деді мемлекет басшысы.

    Бұл жоғары оқу орындары үшін де маңызды бағдар. Білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу, жасанды интеллект технологияларын қолдану және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау – елдің тұрақты дамуына әсер ететін нақты фактор.

    Жиын соңында университет ректоры Ермек Бөрібаев Президент Жолдауында белгіленген басым бағыттарға қатысты пікір білдіріп, алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының жауапкершілігі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар университет ұжымын білім мен ғылымды дамытуға, білім беру сапасын жетілдіруге және ел болашағы үшін айқындалған міндеттерді орындауға бірлесе атсалысуға шақырды.

    жетісу Жолдау университет

    Оқылып жатыр

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026

    Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

    27/10/2026

    Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

    27/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

    28/10/2026

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026

    Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

    27/10/2026

    Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

    27/10/2026

    Атақты Исматулла тергеуге ілікті

    27/10/2026

    Республика күні — елдік пен егемендік символы

    25/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.