Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

      17/11/2026

      Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

      17/11/2026

      Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

      16/11/2026

      Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

      16/11/2026

      Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

      16/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    Жаңалықтар 17/11/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті қайтыс болғаннан кейін оқу орнында кадрлық өзгерістер жасалды. Университеттің проректоры мен факультет деканы қызметінен босатылып, оқиға болған күні кезекшілікте тұрған қызметкерлер жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы ресми мәлімдеме жасады.

    Университеттің хабарлауынша, студенттің қазасынан кейін жатақханалардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жауапты қызметкерлердің өз міндеттерін орындауына қатысты мәселелер қаралған. Нәтижесінде жоғары оқу орнының бірқатар басшысына қатысты кадрлық шешім қабылданды.

    Атап айтқанда, жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор қызметінен босатылды. Сондай-ақ География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы да лауазымынан айырылды. Бұдан бөлек, қайғылы оқиға болған күні жатақханада кезекшілікте тұрған қызметкерлер жұмыстан шеттетілді. Қазіргі уақытта олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп жатыр.

    Университет студенттің отбасына көңіл айтты

    ҚазҰУ басшылығы бірінші курс студентінің мезгілсіз қазасы университет ұжымы үшін ауыр қайғы болғанын жеткізді. Оқу орны марқұмның ата-анасы және жақындарымен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді.

    «Студентіміздің қазасы – университет қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Марқұмның ата-анасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Университет отбасымен тұрақты байланыста және барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын», – делінген ресми мәлімдемеде.

    Университет басшылығы қайтыс болған студенттің отбасына қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

    ҚазҰУ жатақханаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

    Қайғылы жағдайдан кейін университеттің барлық жатақханасында бақылау жұмыстары күшейтілген. Атап айтқанда, кешкі уақытта студенттердің қауіпсіздігін қадағалау шаралары қатаңдатылды. Сонымен қатар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға кәсіби психологиялық көмек көрсету бағытында қосымша шаралар қабылданды.

    Университет әкімшілігі мұндай жұмыстардың студенттер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын жеткізді.

    Студент өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр

    ҚазҰУ басшылығы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Оқу орнының хабарлауынша, университет оқиғаға қатысты деректерді жасырмайды және істің объективті әрі ашық қаралуына мүдделі.

    Дегенмен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға заңнамалық шектеулер бар.

    Осы себепті университет тергеу құпиясына жататын ақпаратты көпшілікке ұсына алмайтынын түсіндірді. Соған қарамастан, жаңа ресми мәліметтер белгілі болған жағдайда марқұмның жақындары мен қоғамға жедел ақпарат берілетінін жеткізді.

    білім жатақхана казгу ҚазҰУ қылмыс өлім студент университет

    Оқылып жатыр

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

    16/11/2026

    Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

    16/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

    16/11/2026

    Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

    16/11/2026

    Балаларға арналған жаңа шектеу: Закиева жаңа заң жобасын таныстырды

    16/11/2026

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.