Close Menu
    Оқылып жатыр

    Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

    18/11/2026

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 20 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

      18/11/2026

      Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

      17/11/2026

      Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

      17/11/2026

      Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

      17/11/2026

      Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

      16/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

    Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

    Жаңалықтар 18/11/2026
    diapazon.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда балаларды есепке алу және мектептегі әлімжеттікке қарсы әрекет ету талаптары жаңартылады. 2026 жылғы 21 қарашадан бастап сабақтан негізсіз әрі жиі қалатын оқушылар жөніндегі ақпарат ішкі істер органдарымен салыстырылып, ай сайын толықтырылып отырады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Жаңа тәртіп бойынша 18 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер Ұлттық білім беру базасына жинақталады. Онда баланың аты-жөні, ЖСН-і, туған күні мен тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі.

    Базаға балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, колледж студенттері, білім алуға тартылмаған және денсаулығына байланысты оқи алмайтын балалар енгізіледі. Сабаққа дәлелді себепсіз тұрақты қатыспайтын оқушылар да осы тізімде қамтылады. Олар туралы мәлімет әр айдың 10-на дейін жаңартылуға тиіс.

    Буллинг туралы хабарлама бір күнде тіркеледі

    Өзгерістер мектептегі әлімжеттікке қатысты өтініштерді қарау тәртібін де қамтиды. Жергілікті білім органдары буллинг туралы ақпаратты алғаннан кейін оны бір жұмыс күні ішінде тіркеуге міндетті.

    Мектеп жәбір көрген балаға психологиялық көмек көрсетіп, оның әлеуметтік оңалуына арналған жеке жоспар әзірлейді. Әлімжеттік жасаған оқушымен де бөлек жұмыс жүргізіліп, оны ортаға бейімдеу шаралары белгіленеді.

    Егер мектепішілік есепке алынған баланың мінез-құлқында алты ай бойы оң өзгеріс байқалмаса, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданады.

    Ішкі істер министрлігінің Ювеналды полициясы ұсынған мәлімет бойынша, жыл басынан бері елде буллингке қатысты 355 жағдай анықталған. Осы деректер бойынша ата-аналар жауапқа тартылып, міндетін тиісінше орындамаған мектеп қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізілген.

    білім мектеп оқушы полиция

    Оқылып жатыр

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Енді сабаққа бармайтын оқушылар полиция назарында болады

    18/11/2026

    Кіші Азия түбегінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

    17/11/2026

    Қазақстанның әр қаласында автобуспен жүру бағасы қанша?

    17/11/2026

    Студент өлімінен соң Қазұу-да бірнеше басшы қызметтен босады

    17/11/2026

    Миллиондаған жалақы, бірақ нәтиже жоқ!

    16/11/2026

    Өткен апта қызметтен кеткен NVidia басшысы қайта оралуы мүмкін

    16/11/2026

    Ауқымды тұтқындаулардан соң ҰҚК басшысы қызметтен босатылды

    16/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.