Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жүргізушілер көлігіне қысқы дөңгелек орнатуға міндетті. Талапты алғаш рет бұзғандарға ескерту жасалады. Заңбұзушылық қайталанса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Tarazy.kz
Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 10 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының өкілі Айбек Әлімов мәлімдеді.
Қазір өңірдегі жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауа райы нашарлап, көлік қозғалысына қауіп төнген жағдайда, кейбір жол учаскелері уақытша жабылуы мүмкін.
Полиция жүргізушілерге қысқы дөңгелек ауыстыруды кейінге қалдырмай, көктайғақ кезінде жылдамдықты азайтып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес берді.
