Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

    27/11/2026

    Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

    26/11/2026

    Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

    26/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 27 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

      27/11/2026

      Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

      26/11/2026

      Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

      26/11/2026

      Қазақстан мен Ирак ОПЕК+ келісімі бойынша талаптарға келіспей жатыр

      26/11/2026

      Қысқы дөңгелексіз жүргендерге айыппұл салынады

      26/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

    Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

    Жаңалықтар 27/11/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың қорытылған тарихы: бүгінгі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ғылыми басқосу отандық тарих ғылымының қазіргі даму бағыттарын талқылау, ұлттық тарихты зерделеудің өзекті мәселелерін саралау, тарихи мұраны ғылыми тұрғыдан бағамдау және отандық тарихнаманың болашақтағы басымдықтарын айқындау мақсатында ұйымдастырылды.

    Ұлттың тарихи қалыптасу жолын, өткен дәуірлердегі үлкен оқиғалар мен тарихи тұлғалардың рөлін зерделеу тәуелсіз ел үшін игі шаруа. Бұл әрекет ұлттық тарихты ғылыми тұрғыдан бағамдау, тарихи мұраны сақтау, ұлттық сана мен тарихи жадыны қалыптастыру мәселелерін қамтиды.

    Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Тілеп модераторлық еткен жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтау хатын оқыды.  

    «Мәмбет Құлжабайұлы – тарих ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген көрнекті ғалым, зерттеуші. Ол жиырмасыншы ғасырдың басында өмір сүрген ұлт қайраткерлерінің өмірі мен мол мұрасын зерттеп, жұрт жадын жаңғырту жолында аянбай еңбек етті. Өз зерттеулері арқылы ұлт тарихына қатысты шынайы көзқарас қалыптастырып, төл тарихымызды дәріптеу мақсатында зор еңбек сіңірді. Ғибратты ғалым еліміздің беделді оқу орындарында абыройлы қызмет етіп, жоғарғы білім саласында өз қолтаңбасын қалдырды. Қазір де көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұлтымыздың зияткерлік қуатын арттыруда» делінген хатта.

    Конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Оңтүстік Корея ғалымдары мен зерттеушілері, отандық жоғары оқу орындардыңөкілдері қатысты. Жиында Мәмбет Қойгелдиев «Отандық тарихнаманың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері туралы», тарихшы Ханкелді Әбжанов «Отандық тарих ғылымының көшбасшысы» тақырыптарында баяндама жасады. Сонымен қатар АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры Тимур Қожаұлы, Жапонияның Хоккайдо университетінің профессоры Томакихо Уяма, Ресей Ғылым академиясы Ресей тарихы институтының профессоры Дина Аманжолова және өзге де шетелдік ғалымдар тарихи зерттеулердің өзекті бағыттары бойынша пікір білдірді.

    Конференция аясында академик Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты бес кітаптан тұратын монографиялық еңбегінің тұсауы кесілді. Сондай-ақ, университет ректоры Болат Анапияұлы ғалымды «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

     Айта кетейік, халықаралық конференция отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ұлттық тарихты зерттеудің жаңа бағыттарын айқындауға мұрындық болмақ.

    Абай университеті ғалым Мәмбет Қойгелді тарих

    Оқылып жатыр

    Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

    26/11/2026

    Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

    26/11/2026

    Қазақстан мен Ирак ОПЕК+ келісімі бойынша талаптарға келіспей жатыр

    26/11/2026

    Қысқы дөңгелексіз жүргендерге айыппұл салынады

    26/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университетінде ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жасы атап өтілді

    27/11/2026

    Respublica Алматы облысында 239 үгіт-насихат шарасын өткізді

    26/11/2026

    Жыл соңында АҚШ долларының бағамы қандай болады? — Сарапшы пікірі

    26/11/2026

    Қазақстан мен Ирак ОПЕК+ келісімі бойынша талаптарға келіспей жатыр

    26/11/2026

    Қысқы дөңгелексіз жүргендерге айыппұл салынады

    26/11/2026

    1Password сервисі хакерлік шабуылға ұшырады

    26/11/2026

    Нағаспаев министрліктен ұлттық компания басшылығына кетті

    24/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.