Close Menu
    Оқылып жатыр

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 4 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025

      Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

      03.11.2025

      Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

      03.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ұлыбританияда адаммен бірдей медуза табылды

    Ұлыбританияда адаммен бірдей медуза табылды

    Жаһан 17.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Дайверлер алып медузаны Ұлыбританиядағы Корнуолл жағалауынан кезіктірді. Олар су астындағы таңғажайып тіршілік иесін көріп, суретке түсіріп үлгерген.

    Үлкендігі адаммен бірдей болатын медузаны алғаш көрген биолог әрі тележүргізуші — Лиззи Дейли. Ол су астында бұлт секілді қозғалып бара жатқан тіршілік иесін алыстан аңғарған. Жақындап барып көргенде алып медуза болып шыққан. Оның үлкендігіне расымен таңғалыпты.

    — Мен бірінші көргенде қатты таңғалдым. Өмірімде бірінші рет мұндай үлкен медузаны көрдім, — дейді Дейли.

    Смитсон ұлттық зерттеу орталығы қызметкері Черил Эймстің айтуынша, бұл медуза корнерот деп аталады екен. Ол бастапқыда кіп-кішкентай болады. Уақыт өте келе өсіп, үлкен медузаға айналады. Ал оны қолда өсірген жағдайда, мұндай үлкен болмайтын көрінеді.

    Алып медуза суда балық, кішігірім шаянтектестер және қалқыма су организмдерімен қоректенеді. Көбіне Ұлыбритания жағалауы мен Жерорта теңізінде тіршілік етеді.

    Медуза — ішекқуыстылардың еркін жүзіп тіршілік ететін дарабастары. Көбіне теңізде жүзіп жүреді, кейбір түрлері су түбіне бекініп тұрады. Құрылысының ерекшелігі — олардың қаңқасы болмайды. Оның орнында қалың қабатты, аралық зат — мезоглея болады. Салмағының 90-нан астам пайызы судан тұрады. Шатырының жиегінде сезім мүшелері дамиды және қармалауыштары (ұзындығы 30 метрдей) орналасқан. Ол шатырдың жиегін жиырып, жүзуіне көмектеседі. 

    дайвер Ұлыбритания

    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    Өзбекстанда мешітте жарылыс болды

    01.04.2025

    Әзірбайжан ұшағына ресейлік зымыран тиген — Euronews

    26.12.2024

    Қырғыз елі мемлекеттік әнұранын қайта жазбақшы

    30.10.2024
    Соңғы жаңалықтар

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.