Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сәрсенбі, 18 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық учаскелік инспекторларға 131 жаңа қызметтік автокөлік берілді

    Жамбылдық учаскелік инспекторларға 131 жаңа қызметтік автокөлік берілді

    Өңір тынысы 24.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылдық учаскелік инспекторларға қызметтік автокөліктер берілді, — деп хабарлайды Tarazy.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бүгін орталық «Достық» алаңында Жамбыл облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров пен Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев аудандық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторларына салтанатты түрде жаңа қызметтік автокөліктер тапсырды.

    Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Меркі және Шу аудандарының учаскелік полиция инспекторлары су жаңа «Нива» және «Уаз» маркалы 131 бірлік арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілді. Ал қалған үш ауданға келесі жылдың 1-жартыжылдығында бөлінетін болады.

    Салтанатты іс-шарада ең алғаш болып сөз алған Облыс әкімінің міндетін атқарушы Н.Календеров: — Облыс әкімдігі ішкі істер органдарымен бірлесіп аймақта қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырып келеді. Жергілікті атқарушы орган тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтауға бөлінетін қаржы көлемі де жылдан жылға ұлғаюда және ол өзінің оң нәтижесін беруде. Яғни, облыста былтырғы жылмен салыстырғанда 2019 жылдың 6 айында тіркелген қылмыстар саны – 9,2 пайызға төмендеді. Біз бірінші кезекте, қоғамдық тәртіптің сақталуына тікелей жауапты, халықпен тығыз жұмыс жасайтын учаскелік полиция инспекторларын қызметтік көлікпен қамтуымыз қажет — дей келе, полицейлерге қиын да қауіпті қызметті атқару барысында сәттілік тіледі.

    Келесі кезекте сөз сөйлеген Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев Облыс әкімдігіне  Полиция департаментіне материалдық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіре отырып: — Ішкі істер министрлігімен 2020 жыл – «Учаскелік полиция инспекторларының жылы» — деп жарияланды. Осыны ескеріп, Облыс әкімдігінің қолдауымен өңіріміздегі барлық учаскелік полиция инспекторлары автокөлікпен 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Учаскелік полиция инспекторларына көлік бөлу арқылы олардың шалғай жатқан аудандарға жиі барып тұруына, полицияға түскен шақыруларға дер кезіне жетуіне, отбасылық-тұрмыстық қылмыстарды және басқа да көптеген құқық бұзушылықтарды төмендетуге, сонымен қатар, қылмыстың өсуіне, соның ішінде мал ұрлығына жол бермеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді – деп атап өтті.

    Келесі кезекте Н.Календеров пен А.Оразалиев учаскелік полицейлерге салтанатты түрде автокөліктердің кілтін табыстап, өз кезегінде инспекторлар аянбай қызмет етуге ант етті.

    Іс-шара соңы полицейлердің жүргізуімен жаңа автокөліктердің салтанатты шеруімен аяқталды.

    құқық қорғау органдары қызметтік көлік

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.