Close Menu
    Оқылып жатыр

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 27 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026

      Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

      26.05.2026

      Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

      26.05.2026

      Құрбан айт күні ХҚКО жабық болады

      26.05.2026

      Зеленский соғыс аяқталар уақытты атады

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда көпқабатты тоғыз тұрғын үй пайдалануға берілді

    Таразда көпқабатты тоғыз тұрғын үй пайдалануға берілді

    Өңір тынысы 29.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында көпқабатты тоғыз тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп мәлімдейді Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген осынау тұрғын үйлерді пайдалануға беру салтанатына облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов өзі қатысып, пәтер иелеріне кілттерді табыстады. Шаһардың 15-ші шағын ауданынан жаңа пәтерге ие болғандардың дені көпбалалы отбасылар мен толық емес отбасылар.

    «Баспана-қай уақытта да өзекті мәселе. Қала халқының саны өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қаламызда жаңадан салынып жатқан 15-ші шағын аудан орналасқан жер бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 17,6 миллиард теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда», — деді өңір басшысы.

    Бүгінде барлығы 720 пәтер пайдалануға берілсе, оның 200-ге жуығы бағдарлама арқылы банктің тиісті шешімін алған. Қалған үйлер де алдағы уақытта «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы берілетін болады.

    Айта кетейік, өңірдегі көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдың   бірінші жарты жылдығында 120 көпбалалы отбасыларына пәтер кілті табысталды. Оның 93-і арендалық үй, 27-і демеушілер есебінен. Тағы да жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

    Сондай-ақ, тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, олар да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

    соңғы жаңалықтар Тараз тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Құрбан айт күні ХҚКО жабық болады

    26.05.2026

    Зеленский соғыс аяқталар уақытты атады

    26.05.2026

    Білім мен болашақты тоғыстырған оқу ордасы

    25.05.2026

    Бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    25.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.