Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шуда қуаттылығы 100 мегаваттық күн электр стансасы бой көтеруде

    Шуда қуаттылығы 100 мегаваттық күн электр стансасы бой көтеруде

    Өңір тынысы 25/08/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы Шу ауданында бүгінде қуаттылығы 100 мегаватты құрайтын күн электр стансасының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Аталған инвестициялық жобаның жалпы құны — 60 миллиард 737 миллион теңге. Осынау жобаның құрылысын жүргізуді міндеттеріне алған француздық «Total Eren» мұнай-газ компаниясының еліміздегі өкілі және «M-Kat Green» ЖШС-ның бас директоры Илья Чернодаров мұндағы құрылыс жұмыстарының 45 пайызы аяқталып, қажетті жабдықтардың 70 пайызы жеткізілгенін айтады.

    «Жалпы, бұл іс кестеге сай жүзеге асырылуда. Барлығы 350-ге жуық адам жұмыс істейді. Ал нысанды келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында толық іске қоссақ деп отырмыз. Станса аумағы қоршалып, тегістеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Қазір күн панельдеріне арналған тіреуіштерді орнатып жатырмыз. Айта кету керек, панельдер 25 жылға дейін жұмыс істейді. Стансаны аудан аумағында орналастыруымыздың екі бірдей себебі бар. Оның біріншісі – ауданның күн сәулесі белсенділігі жоғары аймақтардың қатарына жататындығы, екіншісі – мұнда «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының орналасқандығы. Осынау 500 гектардан астам аумақты алып жатқан АЭА іске қосылған кезде электр қуатына деген сұраныс жоғарылайтын болады. Сондықтан бұл жоба біз үшін де, экономикалық аймақ үшін де өте тиімді, – дейді Илья Чернодаров.

    Ал аталған серіктестіктің осы жоба бойынша техника қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Еділ Есенқұлов бұл жұмыстар толық аяқталған кезде облыстағы электр қуатына деген тапшылық едәуір азаятынын айтты. Сондай-ақ, халықаралық жобаны жүзеге асыруда Франция, Греция және Бразилия елдері мамандарының да тәжірибелері пайдаланылып жатқанын жеткізді. Мамандардың айтуынша, нысан құрылысының негізгі кезеңінде Шудың өзінен 500-ге тарта азамат жұмысқа тартылады екен.

    Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде бүгінде күннен, желден және судан энергия өндіретін 168,7 мегаваттық 10 станса бар екен. Жалпы алғанда облыс орталығындағы тұрғындар сағатына 50-60, ал ауданда шамамен 90 мегаватт электр қуатын тұтынады екен. Алдағы уақытта Шуда бой көтеретін күн электр стансасы тұрғындардың осы қажеттілігі өтелуіне өзіндік  үлесін қосатын болады.

    Ел экономикасы дамып, халық саны артқан сайын электр қуатына деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Оны шешудің жолдары да әр алуан. Бұл ретте әлемдегі дамушы мемлекеттер жаңғыртылған энергия көздерін пайдалануды, күннен, желден, судан қуат өндіруді жүзеге асыруда. «Жасыл экономика» болашақтың да энергиясы. Бұл іс біздің елімізде, оның ішінде өңірімізде де кең өрістеуде. Соңғы жылдары облыс көлемінде күннен, желден және судан электр қуатын өндіретін бірқатар нысандар іске қосылды.

    күн электр стансасы Шу ауданы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.