Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сейсенбі, 17 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Дамумен» 40 кепілдендіру шартына қол қойылды

    «Дамумен» 40 кепілдендіру шартына қол қойылды

    Өңір тынысы 24.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысындағы биылғы алты айдағы жұмыстары бойынша қорытынды шығарды. Оның ішінде, ағымдағы жылдың жартысында жалпы несие сомасы 1 миллиард 447 миллион теңгені құрайтын 40 кепілдендіру шартына қол қойылған. Бұл ретте «Даму» Қоры шығарған кепілдіктердің жалпы сомасы 435,6 миллион теңгені құрап отыр, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының ағымдағы 6 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыс нәтижелері, сондай-ақ облыстағы кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асыру нәтижелері жарияланды.

    «Даму» Қоры мемлекеттік қолдаудың жан-жақты және тиімді құралдарын енгізу арқылы Қазақстандағы микро, шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік қаржы институты болып табылады.

    Қазіргі таңда, «Даму» Қоры елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады.

    Атап айтқанда, бүгінгі күні «Даму» Қоры, келесі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда қаржы агенттігі немесе оператор функциясын жүзеге асырады, олар:

    • «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы;
    • «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы;
    • Өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы;
    • Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі;
    • «Береке» өңірлік қаржыландыру бағдарламасы.

    Бұл бағдарламалар шағын және орта бизнес үшін қаржылық және қаржылай емес қолдаудың түрлі құралдарын ұсынады.

    «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2010 жылдан бері іске асырылып келе жатқаны белгілі. Бағдарлама жүзеге асқаннан бері Жамбыл облысында 800-ден астам кәсіпкер қолдау алған. ,Мәселен:

    Субсидиялау құралы бойынша:  2010 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші жартыжылдығын қоса алғанда жалпы несие сомасы 100 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын барлығы 889 жоба субсидияланды. Ал осы жобалар бойынша Даму Қоры тарапынан субсидия ретінде төленген қаржының көлемі 9 млрд. теңгені құрап отыр. Ал, ағымдағы жылдың бірінші жартысында жалпы несие сомасы 3,4 млрд. теңгені құрайтын 73 жоба субсидияланып, олар бойынша 529 млн. теңгеден астам қаржы субсидия ретінде төленді. Сонымен қатар, кепілдендіру құралы бойынша жалпы осы күнге дейін барлығы 369 жоба Даму Қоры тарапынан кепілдендірілді, бұл облысымыздың кәсіпкерлеріне жалпы алғанда 11 млрд. 900 млн. теңге несие алуларына мүмкіндік берді. Бұл ретте Даму Қорының берген кепілдіктерінің жалпы сомасы 4,3 млрд. теңгені құрады.

     

    Даму кәсіп

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.