Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 7 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында медицина саласының кейбір мамандары бюджет есебінен оқиды

    Жамбыл облысында медицина саласының кейбір мамандары бюджет есебінен оқиды

    Жаңалықтар 17.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысындағы емханалардың 74,31 пайызы  құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл  туралы  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалындағы «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша өткен комиссияның отырысында айтылды. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Марат Жұманқұлов аталған мәселемен қатар кадр тапшылығы жөнінде де баяндады, – деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.

    Елбасы өткен жылғы Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет деген болатын. Бұл бағытта өңірде нақты жоспар жасалып, алға қойған мақсаттар орындалуда. Мәселен, былтыр өңірдегі медициналық нысандарды  жабдықтауға бюджеттен 2,3 млрд теңге қаралып, 900-ден аса сайман сатып алынған. Ал биыл 1,7 млрд теңгеге 300-ден аса медициналық техника бірлігі алынса, алдағы екі жылда 1,1 млрд теңгеден аса сомаға 321 бірлік техника алу жоспарланған. Осылайша, мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі емханаларды 100 % медициналық құрал-жабдықтармен қамту тапсырмасын орындау көзделіп отыр. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында медициналық техниканың қолжетімділігі бойынша Жамбыл облысы республикада 7-ші орында. Дегенмен, өсу тенденциясы (2,43%) байқалады.

    Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадрлардың тапшылығы тікелей әсер ететіні анық. Мекемелердің тапсырысы бойынша 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан аса маман қажеттілігі туындауда. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр.

    Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттілігі зерделеніп, нәтижесінде акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандарының тапшылығы анықталды. Осыны ескере отырып облыстық бюджеттен 8,7 млн.теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда.

    Маман тарту үшін әлеуметтік жағдайдың да маңызы зор. Бұл мақсатта биыл жас мамандарға 100 000-800 000 тг дейін әлеуметтік көмек түрін көрсету жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК аспайтын несие, 100 АЕК тең сомада көтерме жәрдемақы көзделген.

    Жиын соңында комиссия мүшелері медицина саласының өңірде дамуы мен кемшіліктерге жол берілмеуі мақсатында бірқатар ұсыныстар берді. Оның іске асуы мен қадағалау партия бақылауында болады.

    медицина

    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.