Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 3 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында заманауи химия кластерін құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр

    Жамбыл облысында заманауи химия кластерін құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр

    Өңір тынысы 22.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Қазфосфат» жылдан-жылға еңбек өнімділігін тұрақты түрде еселеп, арттырып келеді. Барлық филиалдары заманауи үлгіде әрі ыңғайлы тұрмыстық кешендермен жабдықталған. Бүгінде «қазфосфаттықтар» 20-ға жуық өнім түрлерін шығарып, оның басым бөлігі АҚШ, Еуропа және Азия елдеріне экспортталады.

    Жалпы серіктестіктің «Минералды тыңайтқыштар» зауыты ҚР Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылып, бүгінде  ауыл шаруашылығы үшін фторсыздандырылған минералды тыңайтқыш өндірумен айналысуда. Жылдық қуаты 300 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін минералды тыңайтқыш шығаратын технологиялық жүйенің жұмысы туралы айтқанда, өндіріс орнында жергілікті шикізат пайдаланылатыны, Қаратау қаласының фосфат шикізаттары өңделетінін айта кету керек.

    Осы орайда өзінің бәсекелестік қабілетін жоғалтпас үшін компанияда автоматтандырылу мен бизнес жүйесін жақсарту бойынша тиімді шаралар тұрақты жүзеге асырылады.

    «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров өнімнің өзіндік құнынын төмендетілуіне жалпы құрам санын қысқару жолымен емес, жаңа технологиялар мен жабдықтар енгізу, әртараптандыру, бизнестерді біріктіру және кадрлық ресурстардың мүмкіндігін барынша тиімді пайдалану арқылы қол жеткіземіз дейді.

    «Жұмыс орындарының автоматтандырылуы жаңа жетілдірілген дағдыларды талап ететіні мәлім. Осыған байланысты қазіргі заманға сай болу, білікті өндіріс мамандары қатарын көбейту мақсатында әдістемелік-оқу орталығын құрдық, ол 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық өзінің құрамында бес филиалдың техникалық оқыту қызметтерін біріктіреді. Бүгінде серіктестіктің әрбір филиалында оқу құралдарымен, компьютерлік техникамен, өндірістік жабдықтардың макеттерімен жабдықталған арнайы оқу базалары бар. Біз, сондай-ақ, Жамбыл политехникалық, Тараз химиялық-технологиялық, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледждерінде, өңірдегі басқа да орта арнаулы оқу орындарында дуальді оқыту жүйесін енгізу бойынша жетекші серіктес болып табыламыз. Компания білім беруді ұйымдастыруда және мамандар даярлауда, оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда, қорытынды аттестациялау кезінде студенттердің біліктілігін, кәсіби даярлықтарының деңгейін бағалауда, сондай-ақ, бітірушілерге біліктілік беруде толық құқықты серіктес ретінде танылып отыр, -дейді ол.

    Сондай-ақ, Мұқаш Ескендіров биыл жыл басынан бері зауыт 29,1 миллиард теңгенің өнімін өндіргендерін айтты. Оның ішінде 24 мың тонна азот тыңайтқышы болса, 122 мың тоннаға жуық фосфор тыңайтқышы өндірілген. Өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз ете отырып, шет елдерге де экспортталуда.

    Айта кетейік, еліміз бойынша Жамбыл өңірі химия саласының ең бір дамыған аймағы саналады. Өңірдің химия өнеркәсібін дамыту саласындағы әлеуеті зор. Химия саласы облыстың бүкіл өнеркәсіп өндірісінің 20 пайыздан астамын құрайды. Қазіргі уақытта аймақта заманауи химия кластерін құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда аймақта Қаратау мен Жаңатас қалаларындағы жобаларды және «Химпарк-Тараз» арнайы экономикалық аймағын іске қосу арқылы облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемін едәуір арттыру шаралары қолға алынған.

    химия шикізат

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.