Close Menu
    Оқылып жатыр

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 31 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

      29.07.2026

      Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

      29.07.2026

      ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

      29.07.2026

      Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

      29.07.2026

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 42 жоба жыл соңына дейін аяқталады

    Жамбылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 42 жоба жыл соңына дейін аяқталады

    Өңір тынысы 10.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалар жайы қаралды. Онда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды, – деп хабарлайды Tarazy.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Еске сала кетсек, жыл басында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың бірыңғай базасын құру тапсырылған болатын. Осы орайда 238 жобаның тізілімі түзілген. Бүгінде оның 63 жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде десек, 42 жоба жыл соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде. Бұлар – әлеуметтік саладағы нысандар. Осы жобалардың 39-ы білім саласына қатысты.

    Дәлірек айтқанда, мектептердегі асханалардағы қызмет көрсету барысын мемлекеттік-жекеменшік аясында жүзеге асыру болып табылады. Басқарма басшысының айтуынша, оның өзіндік тиімділіктері бар. Бұл орайда жыл сайын конкурс ойнатылмай, бір конкурс жеңімпаздарымен 3 жылдан 30 жылға дейінгі аралықта тұрақты келісім шарт орнатылмақ.

    Жеңімпаз оқушыларды тек ыстық тамақпен қамтып қана қоймай, асхананың жабдығын жаңалап, ғимаратын жөндеп отыруды да өз міндетіне алмақ.

    Айта кетейік, бұл орайда алдымен облыстағы барлық мектеп асханаларына талдау жасалынып, жабдығы тозған, жөндеуді қажет ететін асханалар таңдап алынған. Нәтижесінде жаңғыртуды қажет ететін 198 асханаға анықталған. Осыны ескерген Асқар Исабекұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ағымдағы жылы жобасы жүргізілетін асханалардың саның еселеу керектігіне көңіл бөліп, бұл бағыттағы барлық тетіктерді іске қосуды атап айтты.

    Өңір басшысы конкурс келісімшартында екі тараптың міндеттемелерін тиісінше нақтылаудың маңыздылығын атап өтті. Оған қоғамдық комиссияларды тарту жайы да айтылды. Сондай-ақ, ыстық тамақтың үздіксіз берілуін, тамақ сапасына үнемі тексеріс ұйымдастырылып отырылуын қадағалауды тапсырды.

    Басқосуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы спорт, денсаулық сақтау, тұрғын-үй шаруашылық, туризм саласындағы жобалар да қаралып, жүзеге асу барысы сараланды. Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

    Асқар Мырзахметов

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026

    Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

    29.07.2026

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.