Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025

      Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында тұрғындар қыс қамын ойлауға асықпай отыр

    Жамбыл облысында тұрғындар қыс қамын ойлауға асықпай отыр

    Өңір тынысы 15.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Елімізде жылыту маусымы басталысымен тұрғындар арасында иіс тиіп улану оқиғасы жиілейді. Мамандар «алдын алып, қауіпсіздік ережелерін тұрғындарға түсіндірдік» дегенімен жылдағы статистика көңіл көншітпей тұр. Мәселен, Жамбыл облысында жыл басынан бері осындай 8 оқиға тіркелген. Салдарынан 13 адам зардап шегіп, 3 кісі қаза тапқан.

    Күз айы түсісімен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірінші болып көшелерді аралауға шығады. Жеке сектордағы үйлерге барып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кіріседі. Әрине үй иелері кіргізсе немесе есігін ашса ғана. Қазір де сол жылдағы қалыптасқан шара басталды. Мамандар бүгінгі күнге дейін 300 мәрте рейд ұйымдастырған. Айтуларынша былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда қаза тапқандар саны 3 есеге, ал жарақат алғандар 25 процентке кеміпті.

    «Оқиғалардың басым бөлігі осы тұрғын үй секторындағы аз қамтылған тұрмысы нашар отбасыларының үйлерінде орын алған. Осыған байланысты қазіргі кезде Қордай ауданында 500 мың теңге және Тараз қаласында 1 миллионға жуық теңге қарастырылды. Осы қаржыға автономды газ талдағыштарды алып осы аз қамтылған отбасылардың үйіне орнатсақ осы+ қайғылы оқиғаларға жол бермеуге өзінің ықпалын тигізеді, — дейді облыстық ТЖД басқарма басшысы Мақсат Әкімбаев.

    Иіс тиіп улану оқиғалары көп жағдайда көмірмен жанатын пештердің жарамсыздығы мен түтін шығатын құбырлардың бітеліп қалуынан болатын көрінеді. Көмір демекші, жамбылдықтардың жартысынан көбі қысқа көмір алмаған. Қоймаларда «қара отын» үйіліп жатыр. Бірақ жұрттан сұраныс жоқ. Мамандар әдетте науқан күн суығанда басталатындығын айтып отыр.  Ал бюджеттік мекемелер жылыту маусымына 90 процент дайын көрінеді.

    «Небәрі 20 мыңнан астам көмір сатылды деп осы жеке кәсіпкерлер бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бар. Солардың ақпаратына сәйкес. Енді бағасы қандай болмақ? Жалпы облыс бойынша тіркелген баға бүгінгі таңда көмірдің сапасына және де фракциясына деп айтамыз ғой. Ол шамамен 11 мың мен 14 мың арасында құрап отыр. Көмір қымбаттай ма? Жалпы ондай бүгінгі күнге ондай ақпарат келіп түскен жоқ. Тікелей бізге разрезден келеді. Ол жақта баға бүгінгі күнге тұрақты», — дейді облыстық энергетика және ткш басқарма басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев.

    Жалпы аймақ тұрғындары қыстан қиналмай шығу үшін 255 мың тонна көмір қажет. Ал әзірге оның 50 мың тоннасы нарыққа сатылымға шығарылған. Баға тұрақты. Тек тұрғындар асығар емес.

    қыс ТЖД

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.