Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 7 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық шаруалар қант қызылшасын рекордтық мөлшерде жинауды жоспарлап отыр

    Жамбылдық шаруалар қант қызылшасын рекордтық мөлшерде жинауды жоспарлап отыр

    Өңір тынысы 15.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында күзгі жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өңір шаруалары дәнді-дақылдарды толықтай орып, қамбаға 800 мың тонна дән түсті, деп хабарлайды

    Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ке артық. Аймақта техникалық дақылдарды жинау жұмыстары да басталып кеткен. Бүгінде 10 мың гектар картоптың жартысынан көбі жинап алынды. Енді шаруалар қант қызылшасын дер кезінде теріп алуға дайындалуда.

    Биыл Жамбыл өңірінде қант қызылшасы алқабының көлемі  жылдағыдан әлдеқайда кем. Жыл басында балтамырды 9 мың гектар жерге себу жоспарланған. Алайда қант зауыттары шаруаларға өткен жылғы өнімнің ақшасын уақытылы төлемегендіктен шаруалар тәуекелге бармады. Салдарынан қант қызылшасы бар-жоғы 5600 гектарға себілді.

    «Біз 100 гектар егейін деп едік, 50 гектар ектік. Көбінде сондай. Мен көбін танимын. Азайтты көбі. Не себепті азайтты? Себеп болғанда, зауыт ала ма? Алмайма ма? Ақшаны бере ме ? Бермей ме? Әлі былтырдан қарыз. Біз мына жылды егейін деп жатырмыз. Сол бір сұрақтар болды. Кейін шешілді. Ектік», — дейді шаруа Иса Фейзулов.

    Иса Фейзулов қант қызылшасын жинауды қазан айында бастамақ. Бірақ шаруаның көңілінде әлі де болса күдік бар. Десе де, ол биыл өнім ерекше мол болатынын айтып отыр.

    «Жалпы осындай десек те болады барлығы. Міне, осындай қызылша. Бұл әлі өседі. Қазір қызылша күн салқында өседі. Міне, енді өсіп, жетіліп жатыр», — дейді агроном Ербол Кенжахметов.

    «Жергілікті шаруалар қант қызылшасын рекордтық мөлшерде жинап алуды жоспарлап отыр. Оған ауа райының қолайлылығы тікелей әсер еткен. Шаруалар биыл әр гектарынан 900 центнерге дейін өнім алуды көздеп отыр. Бұл соңғы бірнеше жылда болмаған көрсеткіш. Өнімнің жақсы шыққанын балтамырдың түбіне қарап байқауға болады. Қараңыз. Міне, мына бір түп. Міне, жапырағын есептемегенде шамамен 4-5 келідей шығады», — дейді тілші Руслан Бақытбекұлы.

    Былтыр аймақта 8 мың гектарға жуық жерге балтамыр егіліп, шаруалар зауыттарға 126 мың тонна өнім өткізген. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары биыл қант қызылшасы алқабының көлемі аз болғанымен өнімділік жоғары болады деп сендіріп отыр.

    «Былтыр гектарына 270 центнерден болатын болса, биылғы жылы 350 центнер жоспарланып отыр. 90 центнерге ұлғайып келе жатыр. Яғни, оның барлығы заманауи технологияларды қолданып, тыңайтқыштарды қолданып, әр гектардан жоғары өнім алуға мүмкіншілік болып тұр», — дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

    Облыста қант қызылшасы Тараз бен Меркі қант зауыттарында қабылданады. Бұл жұмыстар қыркүйек айының соңына қарай басталады. Статистикаға сәйкес бір адам жылына 18 келі қант тұтынады. Халық санына шаққанда облыстың қажеттілігі 20 мың тоннадан асады екен. Мамандардың есебі бойынша биыл алынған балтамыр 15 мың тонна қант шығаруға жетеді. Бұл аймақтың 73%-ін қамтамасыз етуге жеткілікті.

    ауыл шаруашылығы

    Оқылып жатыр

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.