Close Menu
    Оқылып жатыр

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 16 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

      15.07.2026

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда мыңнан аса қызмет түрлері біріктірілген жаңа орталық ашылды

    Таразда мыңнан аса қызмет түрлері біріктірілген жаңа орталық ашылды

    Өңір тынысы 18.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Таразда 2 қыркүйекте іске қосылған қосылған JÁRDEM-109 коммуналдық мекемесінің байланыс орталығына 276 өтініш түскен, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында 1000-нан аса қызмет түрлері біріктірілген жаңа орталық іске қосылды. Бұл тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз орын болып табылады. Тұрғындардың өтінімдері барлық байланыс арналары арқылы қабылданып, әрі қарай мемлекеттік органдарға немесе коммуналдық мекемелерге жіберіледі.

    «JÁRDEM-109» бірыңғай байланыс орталығының бағыты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру. Аталған әмбебап көмекші каталогында 1000-нан астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады. Барлық өтініштер өңделіп, оларға тіркеу нөмірі де беріледі. Қыркүйек айының екінші жұлдызында өз жұмысын бастаған коммуналдық мекемеге бүгінгі таңға дейін 276 өтініш түсіпті.

    «Біз Тараз қаласының бірыңғай коммуналдық диспетчерлік орталығының қызметін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мекеменің басты мақсаты – Тараз қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету. Коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер, жергілікті мемлекеттік қызметтер және әкімдіктің қызметіне байланысты басқа да мәселелер бойынша әртүрлі коммуникация құралдары арқылы Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдау басталып та кетті. Бірыңғай байланыс орталығы шұғыл қызметтерден басқа барлық сұрақтар бойынша «109» нөмірі арқылы хабарласуға болады, бұл халықтың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады. Қоңырауды ұялы телефон арқылы шалсаңыз да болады. Барлығы тегін. Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында тәжірибеден өткен», – дейді «Тараз қаласының бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры Александр Необъявляющий.

    Алдағы уақытта «109» қоңырау шалу нөмірінен басқа, «Facebook» және «Telegram» мен «WhatsApp» әлеуметтік желілері арқылы өтініш қабылдау жоспарлануда екен. Төле би көшесі, №35 мекенжайда орналасқан кеңседе 12 диспетчер жұмыс істеп, барлық мәліметтерге онлайн түрде мониторинг жасайды.

    Тараз

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.